Тақырып таңсық әрі күрделі естілуі де мүмкін, бірақ жерде жұмақ орнатқысы келген ғалымдар бар. Солардың бірі белгілі ғалым-этолог Джон Кэлхун. Ол АҚШ-тың ұлттық зерттеу институтында адам таңғаларлық зерттеу жасаған. Тек зерттеу жасап қана қоймай, ойын тәжірибе жүзінде жүзеге асырған.
Зерттеу жұмысының аты «жұмақ» деп аталады. Биіктігі 1,5 метр болатын 2х2 өлшемді төртбұрыштың ішіндегі жұмақты тышқандарға жасаған. Ондағы мақсат – тышқандарға барлық жағдайды жасап байқау. Ішкі және сыртқы температура қалыпты деңгейде ойластырылған. Барлық аурудың алдын алушы – атмосфера. Тамақтың ең кереметі беріледі, судан тарықтырмайды. Жиырма төрт сағат бойына тышқандар үшін жанға жайлы жағдай жасалды. Олардың өмір сүруіне арналған қажеттіліктің бәрі қанағаттандырылған.
Тәржірибеге 4 жұп тышқан таңдалып алынады. Арнайы дайындалған құрылғының сыйымдалығы 3840 тышқанға арналған. Өкінішке орай, тышқандардың ұрпақ жалғастыруы 2200-ге жеткен кезде тәжірибе тоқтаған. Бұл қалай?
Төрт жұп тышқан 55 күннен кейін ұрпақ сабақтастығын жалғаған. Әр 55 күн сайын олардың саны екі есеге артып отырған. Барған сайын көбейіп, ұрпақ жалғастырып келе жатқан тышқандар 315 күннен кейін туу үрдісін азайтқан. Белгілі бір топ қалыптасқаннан кейін тышқандар арасында өздерінің қоғамы орнаған. Күлкілі естілуі де мүмкін, бірақ бұл зерттеу нәтижесінен шыққан шындық. Бір тобы билеушілер болса, бір тобы құлдар мен күңдер, көмекшілер, қарапайым тышқандар болып бөлінген. Бір сөзбен айтқанда өзара әлеуметтік бөлініс орнаған.
Қажеттіліктің толассыз артуы, жоқшылықтың болмауынан тышқандар арасында түрлі әрекеттер орын ала бастаған. Еркек ұрғашыларының үлкендер қауымы жастарын жұмсауға құмар болған. Ал ана тышқан бұл әрекеттерге қарап өз балаларының құлдыққа түскеніне шыдамай, ашушаң болып кеткен. Ең қызығы ашудың шарықтау шегі – тууды тоқтатқан. Арада ұрпақ жалғастыру тоқтап, жаңа туған жас еркек тышқандардың жұмысқа жегілуінен өлім көбейеді. Ал жаңа туып, жастықтың дәмін сезінген жас ұрғашы тышқандар тек жеп-ішіп, түктерін таранумен ғана күн кешкен. Тоқшылықтың нәтижесінде ер тышқандар азайып, ұрғашылары басым болған. Әрі ашулы ұрғашы тышқандар әсерінен, туудың тоқтауынан ерлер қатары «көгілдір» болуға жеткен.
Зерттеу тәжірибесінің аты «Өркениет – 25» деп аталады. Себебі тышқандарға дәл осындай 25 зерттеу жасалып, бәрінің нәтижесі бір әрекетті қайталап көрсетіп отырған.
Қорытынды
Барлық қажеттілік туындаған ортада тышқандардың өзі белгілі бір қоғам құрып, билік жүргізіп, тіпті тоқшылықтан не істерлерін білмей, түрлі әрекеттерге барды. Ал бұл жағдай адам басына түссе... жоқ, ендігі түсіп болғаны белгілі. Дегенмен зерттеудің нәтижесі жерде ешқашан «жұмақтың» болмайтынын дәлелдеп берді. Қажеттілік молынан болған кезде береке де, бірлік те жоғалады. Би болып, билік құруға деген үстемдік орнайды. Сондықтан ең абзалы барға қанағат қылу.