Жер бетіндегі ең қымбат зат десе «алтын» әлде «платина» дейсіз. Себебі екеуінен асқан қымбат бағалы зат жоқ секілді көрінеді. Дегенмен олардан да қымбат заттар бар. Сіздерге әрбір граммға шаққан кезде қанша доллар тұратынын есептеп ұсынып отырмыз.
Плутоний – 4 000 доллар
Бұл радиоактивті металл. Аталған металлды жер бетінде әр секунд сайын пайдаланады. Бұл металл арқылы ядролық қару жасауға болады.
Солирис – 17 000 доллар
Бұл дәрі. Жер бетіндегі ең қымбат дәрі десек те болады. Өкінішке орай бұл дәрі рактің емін таба алмады. Бұл тек адам ағзасында болатын, сирек кездесетін ауруларды емдейді.
Тритий – 30 000 доллар
Тритий көп жағдайда коммерциялық мақсатта қолданылады. Мәселен сағаттардың тілін қаптауға, қолға тағатын түрлі заттарды орауға. Дегенмен бұл радиоактивті затты медицинада, химия ғылымында, биологиялық қоспаларға, геофизикаға және де басқа салаларға пайдалануға болады.
LSD – 30 000 доллар
Наркотик түрлерінің біріне жататын, ғылымда «жүйкеге тез әрі қатты әсер ететін наркотик» деп атау алған бұл затты тегінде «хиппи» деп те атаған.
Алмаз – 42 000 доллар
Жер бетіндегі ең қатты зат бұл – алмаз. Оның бағасы құбылмалы. Оның салмағына және ауқымына байланысты бағасы өзгеріп отырады.
Калифорний – 60 000 доллар
Сіздерге ұсынып отырған тізімдегі үшінші радиоактивті зат. Бұл затты табиғи жолмен өндіріп алған. Ал оның атауы Калифорния университетінің құрметіне берілген. 1950 жылы пайда болған. Ісіктерді емдеуге арналған мақсатта және радиолық қару жасауға пайдаланады.
Америций – 140 000 доллар
1 грамм өнімі 140 мың доллар тұратын америций плутоннан алынған зат. Аталған зат әскери орындарда адамзат игілі үшін пайдаға асырылады.
Реголит – 442 500 доллар
Аталған зат жерде өндірілмейді, жер бетінде жоқ. Оны айдан алып келеді. Бұл заттың 0,6 граммына 442 500 АҚШ доллары тең келеді. Ал оның бұлай қымбат болуына себеп, құрамына ильменит, анортит, оливин және пироксен кіреді. Ал бұл шашылып жатқан құрамалар жер бетінде бар.
Графен – 100 млн доллар
100 млн доллар... 1 кв.см үшін осындай баға төлеуге болады. Бұл затты өндіруші адамар. Олар: Графен Константин Новоселов пен Андре Гейм. 2010 жылы олардың жаңалығы Нобель сыйлығын да алды. Аталған заттың пайда болғанына 7 жыл өтсе де әлі ешкім пайдаланып көрмеген.
Антиматерия – 62 трлн доллар
Мына қызыққа қараңыз, антиматерия жер бетінде жоқ. Ол жаралмаған да. Ол тек ғаламшардағы заттардың соқтығысынан пайда болады. Ал бұл құбылыс әлі орын алмаған. Бірақ ғалымдар алдағы уақытта бұл құбылыс жүзеге асады және жер бетінде барлық шындық ашылатын болады дейді. Ал бұл құбылыс әлі көзге көрінбесе де 62 трл. доллар тұруы сіз бен бізді таң қалдырары анық.