- Негізгі бет
- Ол кім? Бұл не?
- Жер бетіндегі ауа...
Жер бетіндегі ауа райын жанартаулар өзгертіп отырған
Фото:
yandex.ru
Ғалымдар жер бетіндегі ауа райының өзгеруіне жанартаулар әсер етіп келгенін айтады. Олар бұны Гренландия мен Антарктикадағы мұзды зерттегеннен кейін білген, - деп жазады Nature журналы.
Мамандар жанартаулардың адамдардың өміріне қатты әсер еткенін айтады. Мысалы, 500 жылдары Византияда атқылаған жанартаудың әсерінен жаз мезгілі өте суық болған. Соның себебінен онда Юстиниан обасы тарап кеткен екен.
Ал одан ертерек атқылаған жанартаулар Батыс Рим империясының, Майя өркениетінің жойылуына себеп болған болуы мүмкін.
Мамандардың айтуынша, қазір жанартауларды бүкіләлемдік жылынумен күресу үшін пайдалануға болады.
М. Бисембаева