• 521.98
  • 490.7
  • 5.16

Жел туралы қызықты деректер

Жел туралы қызықты деректер

Желкенді кемелер заманынан бері желдің күші Бофорт шкаласымен өлшенеді. Кейде жел күшін өлшеуге бұл шкаланың шамасы жетпей қалатын кездер де болады екен.  

40–50 м/с — бір орында тұрған адамды ұшырып әкете алатын жел жылдамдығы. Ұшақтан секіретін парашютистер осы жылдамдықпен құлайды.

Секундына 15 метр — реактивті ұшақтар қонып жатқанда желдің жылдамдығы осыдан көп болмауы керек. Ал қону алқабы ылғал болса, жел жылдамдығы 2-3 есе аз болуы керек.

Секундына 22 метр — Достастық мүйісіндегі (Антарктида) желдің жылдық орташа жылдамдығы. Бұл әлемдегі ең желді айлақ. Әдетте, мүйістегі жылдамдық 90 м/с-қа дейін (320 км/сағ) жетеді.

0,72 градус (Цельсий бойынша) — Техастағы жел-электростанцияларының түнгі орташа температурасы.

1970 жылы Шығыс Пәкістанның (қазіргі Бангладеш) ойранын шығарған «Бхола» циклоны 500 мың адамның өмір қиып кеткен. Тарихта ең үлкен табиғи апаттардың бірі тропикалық циклонның күшін өлшеу үшін ғалымдардың жаңа шкала жасауына тура келген.

Секундына 5 шақырым — Атмосфераның жылы және суық ауа аралығындағы желдің жылдамдығы. Ауа алмасу кезінде жылдамдық үлкейетін болса, найзағай пайда болады.

Секундына 113 метр — Он метр биіктікте тіркелген желдің ең жоғары жылдамдығы. Рекорд 1996 жылы «Оливия» циклоны кезінде Аустралияның Барроу аралында тіркеледі. Бұл рекордты Әлемдік Метеорологиялық Ұйым тіркеген.

Секундына 670 метр — Күн жүйесіндегі желдің ең үлкен жылдамдығы. Нептун ғаламшарының атмосферасынан табылған.

1500 гигаватт — Қарапайым құйынның қуаты. Бір уақытта әлемдегі өндірілетін электр энергиясының қуаты 2700 гигаватқа тең. Бір құйынның қуаты бүкіл әлемдегі электростанциялар қуатының 2/3 бөлігіне тең.

Сурет: www.stern.de

Ж. Өрісбай