- Негізгі бет
- Ол кім? Бұл не?
- Жібек өндірісінің құпиясы...
Жібек өндірісінің құпиясы қалпақ арқылы ашылғанын білесіз бе?
Жаз келсе бәріміз жағажайға ағыламыз. Ал жағажайды қалпақсыз елестету қиын. Жаз мезгілінде басымыздан тастамайтын сүйікті бас киімге айналатын қалпақ (шляпа) жөнінде не білесіз? Ерте кезеңдерге көз жүгіртейік.
Осыдан төрт мың жыл бұрын қалпақ алғаш рет өнеркәсіптік тыңшылық қызметін атқарды. Қытай ханшайымы тірі гүлден жасалған қалпаққа жібек құртын салып, шекарадан алып шыққан. Осылайша бүкіл әлемге құпия болып келген жібек өндірісінің сыры ашылды.
Орта ғасырларда Еуропада екі қалпақты қатар киіп жүре алған. Бірін басына кисе, екіншісін арқасына іліп жүреді. Осылайша бір күнде үйіне бармай-ақ екі қалпақты ауыстырып кие алады.
Цилиндр пішінді қалпақты тек жоғары дәрежелі адамдар киетін болған.
Пруссия әйелдері бірнеше жыл бойы шаш сәнімен бас қатырмады. Себебі оларға шашын сәндеудің қажеті жоқ еді, басынан қалпағын мүлде тастамайтын.
Орта ғасырларда кедейлікке ұшыраған адамдар сары, жасыл түсті қалпақ киюге мәжбүр болған. Осылай олардың қаржылық дағдарысы туралы бүкіл жұрт білуге тиісті еткен.
1942 жылдары Англия халқында тек тоқыр бас адамдарға ғана қалпақ сатуға рұқсат етілді. Соғыс кесірінен бұл елде қалпақ шығару тоқтатылды.
Ұлыбритания ханшайымының қалпаққа деген махаббаты зор болғаны соншалық, қалпақтардан мұражай ашқызды. Бұл мұражайдың топтамасы мыңнан асты, қазір халықтың игілігінде.
Орта ғасырларда қалпақ тігушілер өз ісіне сынап нитраты бар тері қолданған. Бұл химикат шеберлерді сіңірі тартылуға, ақыл кемдігіне, галлюцинацияға шалдықтырған. «Қалпақ тігетін кісіше есуастану» деген сөз осыдан қалған.
Ал қазақтар арасында қалпақ десе, есімізге түсетін өнер адамы – Нұржан Керменбаев. Ешкімге ұқсамайтын ерекше ырғақты әндерімен қатар, ерекше образымен де көпшіліктің сүйікті әншісіне айналған тұлға сұхбаттарының бірінде қалпақ жинаудың "сүйікті ісі" екенін айтқан болатын.
@. @assel_assanova