Сіздің ойыңызша жұмақ құстары (райские птицы) жай аңыз әңгіме ғана ма? Олай ойласаңыз, бұл қате тұжырым. Бұл құстар Жаңа Гвинея аралдарын мекен етеді.
Жұмақ құстары – торғайтәрізділер отрядына жатады. Олардың 45 түрі бар, ал солардың 38 түрі тек Жаңа Гвинея аралдары мен ұсақ аралшықтарда кездеседі. Қауырсындары түрлі түске боялған сәнді, айқын ашық түсті. Әсіресе, қораздары өте әсем, олардың басында, құйрығында ұзын, әрі әдемі қауырсындары бар. Бұлар – отырықшы құстар. Жыл сайын қауырсындары түлейді. Құстар топтасып өмір сүретін болғандықтан, ұяларын бір ағаш басына салады. Қорек ретінде жеміс-жидек өсімдіктерін пайдаланады. Сонымен қатар, ұсақ жәндіктерді, бақа, кесіртке секілді тіршілік иелерін де жейді.
Ең алғаш рет жұмақ құсын Магелланның серіктес досы Пигафет 1522 жылы адам қоғамына көзайым еткен. Ел арасында осы бір кішкентай жаратылыстың сұлулығы адамдардың көңілдерін жайнатып, жүректеріне мейірім мен шаттық әкеледі. Сол себепті де жұмақ құсы болып аталса керек.
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
сурет: www.gazeta.lv