- Негізгі бет
- Ол кім? Бұл не?
- Жан-жануарлар туралы қызықты...
Жан-жануарлар туралы қызықты жиырма дерек
Жануарлар әлемі – табиғат тартуының тамаша жаратылыс бөлігі. Табиғат-ананың төл перзенттерінің қызықты қылықтары мен жұмбаққа толы сан алуан деректер қоры адам баласын еріксіз таңғалдырары сөзсіз. Мысалы, опоссумның өлі қалыпқа ене алатынын, уытты әбжыланның өр мінезін, қарапайым араның қос қанатын 1 минутта 11 400 мәрте қағатынын біріміз білсек, біріміздің білмейтініміз анық. Олай болса, ғажайыптар патшалығы сарайына бірге сапар шегелік!
1. Дүниеге келгеніне екі күн болған қарақұйрық сағатына 95 километр жылдамдықпен жүгіре алады.
2. Үнді жыланы 2,4 метр қашықтықта тұрған өз құрбанының көзіне асқан дәлдікпен уын шашып, өлтіре алатын ерекше қасиетке ие.
3. Тарантул бүйесі қорексіз екі жыл өмір сүре алады.
4. Алтын балықтың есте сақтау қабілеті тек 3 секундқа дейін ғана жетеді.
5. Сиыр күніне, орта есеппен алғанда, 400 литр метан газын бөліп шығарады екен.
6. Түкті араның көзінде шаш өседі. Сол арқылы гүл тозаңын жинайды.
7. Чау-чау тұқымдас иті өзге иттерден тілінің қаралығымен ерекшеленеді.
8. Әлемдегі «ең ақымақ» жануар стегозавр болыпты. Өйткені, салмағы үш тонна болса да, оның миы грек жаңғағындай ғана мөлшерде болған.
9. Ирландия, Исландия, Гренландия және Антарктидада жылан өмір сүрмейді екен.
10. Керіктің мойын омыртқа саны – адамның мойын омыртқасымен бірдей. Бірақ, керіктің мойыны адамдардан әлдеқайда ұзын екені бәрімізге мәлім.
11. Араның ызыңы өзінен емес, қанаттарының қағысынан шығатын көрінеді, олар қанаттарын минутына 11 400 рет қағады.
12. Басенджи – үре алмайтын жалғыз ит тұқымдасы.
13. Дельфиндер бір көздерін ашып ұйықтайды.
14. Үлкендеу пілдің салмағы – орташа киттің тіліндей-ақ.
15. Акула тісін сегіз күн сайын ауыстырып тұрады. Сондықтан, олардың тістері болаттай берік болады. Қызығы – теңіз балығының темірдей тістерінің жұп-жұмсақ қызыл етінде орналасуы.
16. Тиін – керемет бағбан. Миллиондаған теректердің көптеп өсу себебі, тиіннің тығып кеткен дәндерін ұмыт қалдырғанынан болуы керек.
17. Піл өз баласын жиырма екі ай көтереді екен.
18. Солтүстік америкалық опоссум баласын небары сегіз-ақ күн көтереді.
19. Тауық жылына, орта есеппен 190 жұмыртқа басып шығарады.
20. Қолтырауындар тас жұтқанды жақсы көреді, нәтижесінде, асқазандары жақсы жұмыс жасап, тас олардың су түбіне тереңдеуіне көмектеседі.
Сурет:danakhabar.com, hdscreen.me, 4lapy.by, bestgraph.com, haberdar.com, flickrhivemind.net, termeszettar.hu.
Е. Жұмабайұлы