Жалған ақпаратқа сеніп келгеніңізді білесіз бе?

Жалған ақпаратқа сеніп келгеніңізді білесіз бе?
Фото: kmug.co.kr

Ғалымдардың айтқаны «дұрыс» не «бұрыс» деген пікір жоқ. Себебі бірі қателеседі, бірі қателікті кейін түсінеді. Бірақ олардың айтқан тұжырымдарын мектеп және жоғары оқу орындарында оқып, бір жақты қабылдаймыз. Ал, егер біз дұрыс деп қабылдап жүрген ақпараттар жалған болып шықса ше?! 

Ғарышта тартылыс күші бар 

Бәлкім біраз физика саласын зерттеп жүргендер бұл тұжырыммен үзілді-кесілді қарсы болуы мүмкін, дегенмен ғарышта тартылыс күші бар. Бірақ жердегідей емес, әлсіз. Оған дәлел ғарыш кемесі 7,9 км/с жылдамдықпен төменге құлдырайды. Бұл белгілі бір тартылыстың бар екенін көрсетеді. 

Наполеонның бойы ұзын болған 

І Дүниежүзілік соғысты еске алсақ, не «Мәкеу өртеген» қолбасшы десе, Наполоен бірден еске түседі. Ал оны тарихта бойы өте аласа адам болған деп суреттейді. Шындығында ол кезде бойы аласа адамдардың жалпы орташа көрсеткіші 162-164 см құраса, біздің аласа деп жүрген қолбасшымыз 167 см болған. 


Кока-коланың дәмі өзгермейді 

Пластикалық, қалбырдағы және әйнек ыдыстағы кока-коланы ішсеңіз, үш түрлі дәм сезіледі деп ойлайсыз. Бірақ бұл жалған пікір. Себебі ол адамның өзіне байланысты. Үшеуіндегі бір дәм. Тек сырты ғана сіздің дәм сезу жасушаңызға басқаша ақпарат беріп үлгереді. Осыдан келіп үш ыдыстағы бір дәм үш түрлі болып сезілуі мүмкін. 


Hello Kitty – мысық емес 

Әлемдік брендке айналып кеткен «Hello Kitty» ешқандай да мысық емес. Оған дәлел антрополог Кристина Р.Яноның зерттеуі негіз болып отыр. Ол ұзақ уақыт бойы осы «мысық» туралы зерттеу жасап, ақыры бұл қарапайым қыз және кейіпкер деген баға берген. Яғни белгілі бір мақсатта ойлап табылған дүние. Сонымен шатыстырып алмаңыз. 


Chupa Chups америкалық бренд емес 

Әлемге әйгілі «Chupa Chups» тәтті өнімдерін осы күнге дейін америкалық бренд деп келген болсаңыз, қатты қателестіңіз. Себебі оны өндіруші Италия және тәттінің өз иесі бар ол – Энрике Бернат. Бетіндегі логотипін Сальвадор Далидің өзі салған. 

М. Ақан