Испан суретшісінің қала көшелеріне салған суреттері

Пежак есімді испан суретшісі көше қабырғасына сурет салады. Пежак — оның лақап аты. Ол көше суретімен айналысуды ұстазымен өнер туралы көзқарасы бір болмай келісе алмағандықтан бастапты. Оның айтуынша, кез келген адамның мұражайға баруға мүмкіндігі жоқ немесе жай барғысы келмейді. Сол себепті ол суретті ашық жерлерге сала бастаған. Қазірде Пежактың суреттері Мәскеу, Париж, Ыстамбул, Лондон және Милан көшелерін безендіріп тұр.

Пежак испан тілшісіне берген сұхбатында: «Мұң мен әзіл-қалжың — мені алға жетелейтін қозғаушы күш. Бұл екеуі бір-біріне қарама-қарсы нәрсе болғанымен, дүниені поэзиялық тілмен жеткізуге көмектеседі. Яғни, мәселені тек қарапайым әдемілікке жүктемей, оны астарлап, негізімен көрсетеді.

Адамдардың алған әсері мені алға жетелейді. Жастардың жүректері пәк, әрі тым әлсіз. Олар кез келген нәрсеге морт етіп сынып кетуі мүмкін. Осындай сәтте менің суреттерім оларға қандай да бір ой салып, ойландырған болса, менің жоспарымның іске асқаны», – деп айтқан.

Мадрид қаласы

Сантандер қаласы

Валенсия қаласы

Саламанка қаласы

Ыстамбул қаласы

Саламанса қаласы

Сантандер қаласы

Париж қаласы

Мәскеу қаласы

Париж қаласы

Оқи отырыңыз: 

Қиял қосылған метро станциялары

Дубайда 7D-аттракционы ашылды

Қос неміс жігіт суға лақтыратын катапульта жасап шықты

Әлемдегі ең бай адамдар ақшасын өмір бойы жұмсаса да тауыса алмайды

Сурет:www.boredpanda.com