Атлас тауы Африканың солтүстігінде орналасқан. Аталған тау сілемдері Марокко территориясының басым бөлігін алып жатыр. Мұнда желтоқсан айынан сәуірге дейін шаңғы тебу курорты жұмыс істейді. Бұл - адамдар көп баратын Африкадағы демалыс орны.
Шаңғы тебу курорты Марракеш қаласынан алыс емес жерде, теңіз деңгейінен 1650 метр биіктікте орналасқан. Ал демалыс орталығының атауы – Ифран.
Атлас тауларының пейзажы Альпіден еш қалыс қалмайды. Курорттың бағасы да келушілердің қалтасына сай. Кейде Ифран курортын «Марокко Швейцариясы» деп атайды.