Бүкіл әлемде адамды құл етіп сату ресми жойылған болса да, тек бір елде бұл үдеріс заңды жалғасын тауып келеді. Шамамен мың жылдай бұрын бербер арабтары қазіргі Мавритания елінің территориясын жаулап алып, ондағы жергілікті тұрғындарды өздеріне құл етеді. Содан бері ақсүйек арабтың бір жанұясына мавританиялық харатиндердің (қара тәнділер) бірнеше жанұясы тиесілі болып санала бастаған.
Мавритания ақсүйектерінің жекеменшігі болып саналатын харатин жанұялары ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Басында бостандығы жоқ харатиндер мал бағу немесе құрылыс сынды әртүрлі жұмысқа тартылады. Ал құлды бағуға айына орташа есеппен 15 АҚШ доллары жұмсалса, оның үстінен құл иеленушіге бірнеше есе пайда түсіп отырады.
Мавританияда құлдардың ең көп айналысатын жұмысы су сату болып табылады. Қалалардағы ғимараттардың 40%-ы су желілерімен қамтамасыз етілмеген. Сондықтан тропиктік белдеудің аптап ыстығында су ең өтімді тауар болып табылады.
Құлдар мұра ретінде беріледі, сыйға тартылады немесе форумдарда сатылады. Ал ақсүйек ердің байлығы дәстүрлі түрде өзіне тиесілі күңдердің санымен есептеледі екен. Бүгінде елдегі құлдардың саны 600 мыңға жеткен. Бұл Мавритания халқының 20%-ын құрап отыр.
Мавритания үкіметі құлдықты ресми жою туралы заңға қол қойғанымен, құл иелену үдерісі жалғасын тауып келеді. Тіпті "құл" сөзі БАҚ өкілдері тарапынан қолдануға да тыйым салынған болса да, бербер арабтары үкіметпен санасуға бет бұрғылары келмейді екен. Заңсыз жолмен құлдарды сату немесе айырбастаушы тұлғалар да полиция тарапынан құдаланғанымен, толығымен жоққа шығару әзірге мүмкін болмай тұр.
1961 жылы өз тәуелсіздігін жариялаған Мавритания жаңа заң тағайындайды. Дегенмен заңнама да құлдарды бостандыққа шығара алмайды. Ал 1978 жылы ел президенті Муктар Ульд Дадда бұл мәселені қайта көтеріп, елдегі құлдықты жою процесін бастайды. Дадда басқарған әскери төңкеріс жүзеге аспай қалады.
Мавритания халқының әл-ауқаты төмен болуы да құлдықтың жойылмауына бірдін-бір негіз болып отыр. Себебі құлдық жойылып, барлық харатин бостандыққа шықса, жұмыссыздық көбейіп, ел дағдарыстан айықпай қалуы мүмкін.