Олар шынымен қалай жасайды? Бір адам бүкіл бір залды қалай гипноздап тастай алады? Олар адамды қалай ұйықтатып тастайды? Көпшілік қауымның көкейінде жүрген мың сұрақтың бірі – осы. Біз осы сұрақтардың жауабын табуға тырыстық.
Гипноз – адамдардың өмірі мен сезім қасиеттеріне әсер етуші, өзіндік нақты жауабы жоқ, ескі күннің сиқыршыларын еске салатын ұғым. Венаның ең беделді докторы А.Месмер адамдарды психологиялық дерттен емдеу үшін гипнозды пайдаланған. Бірақ доктордың өзі гипноздың нақты не екенін білмеген. Ол уақыт өте келе бұл құбылысты «іштің магнитік өрісі» деп түсініп, ол бір адамнан бір адамға гипноз түсінігі арқылы өтеді деп бағамдайды. Ұзақ уақыт бойына Месмердің «месмеризм» жолы халық арасында көзбояушылық деп табылды.
100 жыл өткеннен кейін барып ағылшын ғалымы Джеймс Брайд бұл құбылысқа нақты ғылыми зерттеу еңбегін жүргізді. Сол кезден бері бұл – ғалымдардың әлі де болсын жұмбағына айналып келе жатқан нәрсе.
Гипноз – адамдар арасындағы жауабы жоқ түсініксіз құбылыс. Гипнозға түскен кезде біздің білім мен қабілетіміз жұмыс жасайды. Ол кезде адамның ойлау жүйесі ең биік деңгейге жетеді. Адам ол ақылға тіршілікте жете алмаған. Гипноз кезінде адам өмірде жасай алмаған кез келген дүниесін жасай алады.
Адамға оның қалауынсыз сырттан гипноз жасауға бола ма? Ғалымдар зерттей келіп бұл мүмкін еместігін алға тартады. Себебі гипнозға түсуші адам міндетті түрде гипнозбен айналысатын адамның жанында болуы керек.
Гипноз туралы ұғым біздің дәурімізге дейінгі он мың жылдықтарда пайда болған. Гипнозға түсіруші адамдар ол кезде негізінен шамандар болған. Олар адам ақылына сенгісіз әрекеттер жасап, адамдарды жолдан адастырып отырған. Тек адастыру емес, оларды дерттен емдеген. Сол кездегі медицинада да гипнозды пайдалануға рұқсат берген. Оған себеп жансыздандыратын дәрі әлі ойлап табылмағандықтан, ота жасау үшін гипноз жасаушыларды шақырып, ауру адамды ұйықтатып тастайтын болған.
Аталған құбылыстың кең таралу аймағы: Ежелгі Египет, Тибет, Греция және Үндістан. Қазіргі кезде гипноздың көп тараған бір түрі бар. Ол «көше гипнозы». Оны көбіне сығандар жасайды.
Жалғасы бар...