Ұйқы, есте сақтау қабілеті мен білім бір-бірімен тығыз байланысты екені баяғыдан белгілі. Ұйқы шала болса, есте сақтау қабілеті де әлсірейді. Зерттеулер ақпаратты есте сақтауда ұйқының маңызды зор екенін көрсетті, - деп хабарлайды University Herald. Бұл туралы inform.kz жазды.
Мамандар Drosophila шіркейіне зерттеу жүргізді. Олар шыбындарда есте сақтау қабілетіне қызмет ететін DPM-нейрондарын зерделеді. Зерттеу барысында DPM-нейроны белсенді болған кезде шыбындар ұйықтаған, ал нейрондар қызметі тоқтағанда, керісінше, шыбындар сергек ұшып жүрген. Ақпарат қысқа уақыт есте сақтаудан ұзақ уақыт есте сақтауға көше бастағанда, шыбындар ұйқыға кеткен. Яғни, ақпарат ұйқы арқылы игерілген.
Аталмыш үрдіс гиппокампқа ұқсас мидың саңырауқұлақ тәріздес бөлігінде болады. Шыбындарда есте сақтауға жауап беретін саңырауқұлақ тәріздес бөлік ұйқы мен сергектікті реттейді екен. Зерттеушілер өздерінің тұжырымдары адамдардың ұйқысы мен есте сақтау қабілеті арасындағы байланысты көбірек білуге жәрдемдеседі деп үміттенеді.
сурет: livejournal.com