Эверест әлемдегі ең биік шың емес

Эверест әлемдегі ең биік шың емес

Гималай тау сілемдерінің ең биік шыңы Эверест әлемнің де ең жоғарғы нүктесі болып саналады. Дегенмен біздің қоғамда бұл пікірге келіспейтін ғалымдар да бар. Таулардың биіктігі олардың қай межеден бастап өлшенуіне байланысты. Сонымен Эвересттің рекордын жоққа шығарып көрелік.

Кез келген нарсенің биіктігін анықтау үшін оның бастауы мен биік нүктесінің аралығын өлшейді. Ал біздің ғаламшардағы табиғи нысандар теңіз деңгейімен өлшенеді. Осы әдіспен Джомолунгма (Эверест шыңының екінші атауы) 8848 метр биіктікке жетіп, әлемдік рекордты еншілейді.

Одан бөлек, Гавай аралдарының бірінде орын тепкен Мауна-Кеа шыңының биік нүктесі 4206 метрмен шектеледі. Дегенмен бұл Мауна-Кеаның теңіз деңгейінен бастап өлшенген бөлігі. Ал теңіз түбіне дейін есептер болсақ, яғни тауды ең түпкі бастауынан өлшесек, тағы 10200 метрге биік болады. Нәтижеде Мауна-Кеа Эвересттен екі есе биік болып шығады.

Сондай-ақ, таулардың өсетінін де білерсіздер. Мысалы, Эверест жылына 6,4 мм өседі екен. Бұл Жердегі ең жылдам өсетін тау шыңы болып табылады. Себебі Еуразия тектоникалық тақтасы жылдам тартылып жатыр.