- Негізгі бет
- Ол кім? Бұл не?
- Ежелгі маймылдың миының...
Ежелгі маймылдың миының суреті салынды
Фото:
nature.com
Кенияда табылған victoriapithecus-тың миының көлемі 36 сантиметр куб болып шықты. Бұл қазіргі маймылдардың миынан екі есе кішкентай.
Табылған маймылдың миының үш өлшемді суретін ғалымдар рентгендік томография арқылы салып шыққан, - деп жазады Nature Communications.
Айта кетелік, маймылдың бұл түрі шамамен 15 миллион жыл бұрын пайда болған.
Ғалымдардың айтуынша, оның миы кішкентай болса да, өте күрделі екен. Мысалы, иіс сезуге жауап беретін бөлігі едәуір үлкен болып шықты. Демек, victoriapithecus иісті қазіргі маймылдардан да жақсы сезетін болған.
М. Бисембаева