- Негізгі бет
- Ол кім? Бұл не?
- Ежелгі ғалымдар вирусты...
Ежелгі ғалымдар вирусты не үшін қолданды?
Қауіпті пандемия бізге дейінгі дәуірлерде де адам өмірін жалмаған. Ұзақ уақытқа созылатын пандемияның бетін қайтаратын дәстүрлі дәрі-дәрмек те табылмады. Әлбетте адам өмірін құтқару үшін әлем ғалымдары қолдан келгенді істеп бағуда. Аты жаман індет бізге дейінгі дәуірде миллионға жуық адамның ғұмырын құрбан еткен.
Вирус адамда, жануарда, тіпті өсімдіктерде кездеседі. Оның кетуі де оңайға соқпайтыны анық. Жаңа дәрі-дәрмек пайда болып, кез келген ауруға қауқары жететін медициналық технология дамыған сайын, вирус та адамдарға ауыр соққымен шабуылдайды. Сондай-ақ араға ғасыр салып келген індет "тәж вирусы" деген атауға ие болды.
Вирус пайда болғанда, оның таралуына және өмір сүру ұзақтығына зер салған жөн. Себебі вирус жұқтырған адамды тез арада оқшауламаса, вирус адамның шашы, қолы және демі арқылы басқа адамдарға жұғуы әбден мүмкін. Сондықтан бұл өте қауіпті. Адам оқшауланғанда, басқа адамдарға қауіп төнбейді. Алайда науқас өмірі үшін күресіп баққан дәрігерге вирустың жұғу қаупі басымырақ. Адам ағзасына енген вирус онымен бірге өмір сүреді. Адам өлген кезде бірге өледі. Жер ғаламшарында адам санының тұрақтылығы да осы себептен болуы мүмкін. Яғни вирус араға жүз жыл салып, планетадағы адамдар санын тұрақтандыру үшін пайда болатын індет іспетті. Әр ғасырда жаңа індеттің қандай қауіппен келетінін ғалымдар болжай алмайды. Сондықтан оның шипасы да әлі күнге дейін табылмады.
Вирус қай ғасырда пайда болды?
Вирустар ғаламшарымызда миллион жыл бұрын пайда болған. Олар адам ағзасында ғана емес, барлық тіршілік иесінде болады. Мысалы, бірнеше миллион жыл бұрын вирус алғаш рет браконид денесінен табылған. Осылайша вирус жәндіктердің иммундық жүйесін нашарлатып, өмір сүру ықтималдығын төмендетеді. Ағзасында вирусы бар жәндік оны басқа жәндіктерге тасымалдайды. Соның салдарынан жәндіктер саны азаяды. Микроағзалардың мөлшері 20-500 нанометр аралығында болады. Сол себепті вирусты арнайы жабдықсыз көру мүмкін емес.
Вирустың бары алғаш рет XIX ғасырдың аяғында дәлелденді. Бұл кездейсоқ болған жағдай еді. Темекі шегуден туындайтын ауруларды зерттейтін Ресей дәрігері патогендік бактерияларды зерттеумен айналысқан. Алайда дәрігер зерттеу жұмысынан жетістікке жете алмады. Оның орнына ғалым микроскоп астындағы кристаллдарды байқаған. Ол кристаллдар бактерия емес, вирустардың жинақталған түрі болып шықты. Әлгі кристаллдарды дәрігер қыздырғанда олар жоқ болып кетті. Нәтижесінде ғалым ауруды кәдімгі микроскопта көрінбейтін тірі микроорганизмдер қоздырды деген қорытындыға келді. Кейіннен сол кристалдар үшін америкалық ғалым Нобель сыйлығын иеленді.
Вирустар көп жағдайда адамның ДНҚ-сына енеді. Нәтижесінде ғалымдар қан арқылы ежелгі аурулар туралы тың мәліметтерді таба алады.
Ежелгі ғалымдар вирусты не үшін қолданды?
«Вирус» латын тілінен аударғанда «у» деген мағынаны білдіреді. Микроағзалар адам мен басқа тіршілік иесі үшін өте қауіпті. Планетамызда барлық тірі ағзаның біріктірілгеніне қарағанда вирустар әлдеқайда көп. Тіпті тұмауға ұқсас 2000-нан астам штамм бар. Вирустарды ғалымдар экожүйені сақтау үшін жиі қолданады. Мысалы, ХІХ ғасырда Аустралия континентінде қояндардың көбеюінен табиғатқа айтарлықтай зиян тиді. Ғалымдар бұл мәселені шешудің тиімді жолдарын қарастырды. Ол үшін қоян санын азайтып, көбею процесін бәсеңдететін арнайы вирус ойлап тапты.
2019 жылдың аяғында Қытайда коронавирус індеті пайда болды. Індеттің басымдығы соншалық, дүниежүзі халқы зардап шегуде. Біреулер "вирус құстан тарады" десе, енді біреуі "қолдан жасалған індет" деп топшылауда. Індеттің неден тарағаны және соңы немен бітетіні әзірге беймәлім.
Тазалықты сақтап, вирустан сақтанайық!
А. Шопанова