Бұл терминді білуіңіз керек

Бұл терминді білуіңіз керек

Халық арасына ең көп тараған психология саласында танымал терминдер де бар. Оны жиі естіп жүргенімізбен, мағынасын толық ұқпауымыз мүмкін. Алайда мына терминдердің мәнін әр адам білгені абзал.

Эмпатия

Адам жанын түсіне білу. Біреу басынан өткен оқиғасын баяндап отырғанда, оның орнына өзін қойып, бірге жылап, бірге күлу.

Катарсис

Қазақша мағынасы «тазару». Ұзақ уақыт қайғыру, уайымдаудан кейін, өзіңді жайлы сезінген сәт.

Прокрастинация

Барлық істі кейінге қалдыру. Жалқаулықтан айырмасы – мұнда қазір орындалмай жатқан істі уайымдап отырасыз.

Конформист – қоғамға жағу үшін ойын, пікірін өзгерте салатын жан.

Нон-конформист – кім не десе де пікірін өзгертпейтін, қоғам сызып берген шекараға бағынбай, ерекшеленіп жүретін жан.

Инсайт – бір нәрсеге қатысты жаңа көзқарас тууы.

Фрустрация

Ештеңеге зауқың болмай, үнемі жолың болмай қала беретіндей сезім.

@. @assel_assanova