- Негізгі бет
- Ол кім? Бұл не?
- Балық аулап жейтін...
Балық аулап жейтін өрмекші туралы білесіз бе?
Балық жейтін өрмекші өзінің басқа туыстарына қарағанда әлдеқайда үлкен. Өрмекшінің екі аяғының аралығы 14 см-ге дейін жетеді. Олардың негізгі мекені өзен жағалаулары. Бұл жәндікті зерттеуші ғалымдар таңғаларлық үлкен өрмекшіні Орталық және Оңтүстік Американың өзендерінің бойынан көрген.
Түнде ғана балық аулауға шығатын Амазонканың алып жәндігі күндізгі уақытта еш көзге көрінбейді. Ғалымдар Trechalea деп аталатын өрмекшінің балықтан бөлек бақаларды, жәндіктер мен асшаяндарды жей беретінін айтады. Балық жеуге бейім болғандықтан, ол суда жүзе алады және судың бетінде жүруді де біледі. Олардың ағзаларындағы үлкен бездер балықты өлтіріп, жеп болған соң жылдам қорытуға қажет нейротоксиндер мен ферменттерді бөліп шығарады.
Өрмекшінің бұл түрінің табылуы энтомология (жәндіктерді зерттейтін ғылым) ғылымында үлкен жаңалық болып отыр. Балықтар Trechalea өрмекшісінің негізгі қорек көзі болмауы да мүмкін деп топшылайды зерттеушілер.
Балықпен қоректенетін жәндіктердің негізгі отаны Аустралия болып табылады. Жалпы, аталмыш өрмекшінің аустралиялық туысы туралы да әлі нақты зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Ғалымдардың тек бірнеше рет қана оны балық аулау үстінде көргендері ғана бар.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: news.discovery.com
Ж. Өрісбай