Әйгілі бренд атаулары қалай қойылған?

Әйгілі бренд атаулары қалай қойылған?
Фото: wallpapercave.com

Біз күнделікті өмірде, тұрмыста қолданып жүрген заттар мен техникаларды, автокөліктерді көріп, естіп жүрсек те, олардың атауларының тарихын біле бермейміз. Мысалы Audi-ді алайық. Audi – латын тілінен аударғанда "тыңдаңыздар!" деген мағынаны береді. Бұл – осы компанияның негізін қалаушы Аугуст Хорьхтың тегінің латынша нұсқасы. Ендеше, естіп, көріп жүрсек те аса мән бермейтін дүниелерді де біле жүрейік!

Honda – осы компанияның негізін қалаушы Soichiro Honda-ның есіміне қойылған атау. 

1978 жылы Blue Robbon Sports ресми түрде Nike атауына ауысты. Бұл атау ағылшынша оқылатын "найк" емес, грек құдайы Никидің жеңісіне байланысты қойылған. 

Audi – латын тілінен аударғанда "тыңдаңыздар!" деген мағынаны береді. Бұл – осы компанияның негізін қалаушы Аугуст Хорьхтың тегінің латынша нұсқасы. 

BMW – әйгілі неміс компаниясы. Негізінен Bayerische Motoren Werke деп жазылады, ағылшынша нұсқасы – Bavarian Motor Works. Неміс тілінен аударғанда бавариялық мотор зауыты. Фирма 1923 жылдан бастап мотоциклдер, 1928 жылдан бері қарай автокөліктер шығара бастады. 

 

HP (Hewlett-Packard) — компания негізін салушы Билл Хьюлетт (Bill Hewlett) пен Дэйв Паккард (Dave Packard) тиын тастап, компания атауы бірінші кімнің есімімен аталатынын шешу үшін бәстескен еді. Өздеріңіз білетіндей Билл жеңіп шығып, компания HP деп аталды. 

Reebok компаниясының атауы – кішкентай әрі тез жүгіретін африкалық бөкеннің құрметіне қойылған. 

Adope – компания негізін қалаушы Джон Ворноктың үйінің маңында орналасқан Adobe Creek көлінің құрметіне қойылған екен.

Nikon – алғашында Nippon Kogaku атымен танылған. Негізінен бұл "жапон индустриясы" дегенді білдіреді. 

Daewoo – компания негізін салушы Ким Ву Чонг (Kim Woo Chong) фирма атауын қарапайым "Үлкен ғалам" деп атай салған. 

Ж. Жұмағұлов