Аяз ата мен Санта Клаустың ең басты ортақ міндеті — ересектер мен балалардың сиқырға сенімін сақтау. Екеуі де өте маңызды әрі көңілді іспен айналысады: мерекелер ұйымдастырады және сыйлықтар береді. Дегенмен, бұл екі кейіпкердің айтарлықтай айырмашылықтары да бар. Ендеше, Аяз ата мен Санта Клаустың 6 айырмашылығын ұсынамыз.
Аяз ата — ежелгі орыс кейіпкері. Оның мақсаты — көбірек қар жаудырту, жаман адамдарды қатырып тастау және жақсы адамдарды жылытып, оларға сыйлықтар беру болатын. Ол 1700 жылы (петрлік қаулыға дейін Русьта жаңа жылды қыркүйекте тойлайтын болған) Петр I қаулысына байланысты Жаңа жылға кездейсоқ келді. Жаңажылдық ағаш қойып, оны безендіру дәстүрін Петр Еуропадан алған.
Санта Клаус — киелі Николай бастапқыда кедейлерге сыйлық тарататын христиандық әулие болған. 1823 жылы америкалық жазушы Клемент Мурдің рождестволық туындысынан соң Санта Клаус бейнесі кең қолданысқа еніп, дәстүрге айналып кетті. Ал 1840 жылға жуық Санта Клаус Америкадағы кең қолданылатын фольклорлық кейіпкер ретінде танылды. 1930 жылы "Coca-Cola" компаниясы Санта Клаусты өз фирмасының қызыл-ақ түсімен бейнелеп, ұзақмерзімді жарнамалық әдіс ойлап тапты. Қызыл-ақ қария бейнесі бірнеше ұрпақтың санасына құйылып, қазір рождестволық жарылқаушыны басқа түрде ешкім елестете алмайды.
1. Көмекшілері
Аяз ата — мейірімді ертегі сиқыршысы. Ол балаларға Жаңа жылда сыйлық береді. Оған немересі — Ақшақар көмектеседі.
Санта Клаус — киелі Николай. Ол балаларға Рождествода сыйлық таратады. Оған эльфтар көмектеседі. Оның еңбекқор эльфтарының саны белгісіз, алайда олар көп деп саналады.
2. Түстер үйлесімі
Аяз ата өзін қармен және аязбен бейнелейді. Сондықтан оның бейнесінде көк және ақ түстер жиі кездеседі. Алайда қызыл немесе жасыл түстер де қолданылады.
Ал Санта Клаустың бастапқыда қандай болғаны белгісіз. "Coca-Cola" компаниясының жарнамасынан соң ол қызыл-ақ түспен бейнеленеді.
3. Киімі
Аяз Ата ұзын шапан киеді. Оның шапанының ішік жағасы және түрлі өрнектері болады. Қолында жылы қолғабы мен аяғында пимасы бар. Басында ішіктен тігілген телпегі бар.
Санта Клауста жеңіл күртке мен шалбары, қолында жеңіл ақ қолғап пен белінде жалпақ белдігі болады. Ал басында домалақ шашақты қалпағы бар.
4. Сақалы
Аяз атаның сақалы ұзын, ал Санта Клаустың сақалы қысқа болып келеді.
5. Құралдары
Аяз атаның қолында жаман адамдарды қатыратын және жақсы адамдарды ерітетін хрусталь немесе күміс асасы және сыйлықтары бар үлкен қабы болады. Аяз ата жаяу жүреді немесе үш ақ аты болады.
Санта Клауста тек сыйлықтары бар қап бар. Ол бұғыларға байланған арбамен ұшады.
6. Сыйлық беру тәсілі
Аяз ата әр үйдің есігін қағып кіріп, балаларға сыйлықтарын ұсынады. Сондай-ақ, Аяз ата сыйлықтарды шыршаның астына қалдырып кетеді.
Санта Клаусты Рождествода бұғылар үйдің төбесіне әкеліп тастайды. Содан соң ол үйге мұржа арқылы жасырын кіріп, сыйлықтарды балалар дайындап қойған арнайы шұлықтардың ішіне салып кетеді.