Аристотель әдісі. Адамның мінезін мұрын пішініне қарап қалай ажыратуға болады?

Аристотель әдісі. Адамның мінезін мұрын пішініне қарап қалай ажыратуға болады?
Фото: Әлібек Оразбай

Адам тәніне қатысты физиогномика деген эзотерикалық ілім бар. Физиогномиканың міндеті – адамның антропологиялық сипатына қарай оның мінезін, психологиялық типін анықтау.

Ол өз бастауын сонау антикалық дәуірлерден алады. Көне гректердің өз физиогномикалық тұтас ғылымы болған деседі. Мысалы Аристотель адамның мұрнына қарап оның қандай адам екенін, қандай жануарға ұқсайтынын жазып кеткен. 

"Танауының қыры жуан адамдар ақкөңіл келеді, оны өгізбен салыстырсақ болады. Ал танауының қыры жіңішке адамдарың мінезі қызба болады, оларды иттермен кейіптеуге болады. Кімде-кімнің танауы домалақ, доғал болса, ол – жаны жайсаң адам, оларды арыстанмен селбестіру керек. Мұрнының ұшы ілмиген адамдар құс сияқты. Ал мұрнының ұшы жуан адамдар – ақымақ, оны доңызбен байланыстыруға болады.

Мұрны шолтиғандар ұятсыз келеді, оларды қарғалармен кейіптеуге болады. Ал мұрны қырандікіндей келте болса, олар – кеңпейіл адамдар, оларды қыран құсқа теңеу керек. Мұрны жалпақ келген адамдар, құймыр, нәпсіқұмар келеді, оларды бұғымен селбестірсе болады. Ал танауы қампайған, делдек адамдар ашушаң болады".

Massaget.kz