Көру — қоршаған ортаны танудың ең негізгі әдісі. Барлық тірі ағза көре алады, алайда бұл қабілет әркімде әр түрлі. Әрине, өсімдіктер тірі ағза болып есептелгенмен, көре алмайды, әйткенмен, олардың сезу мүшелері жақсы дамыған.
Олай болса, әр жануардың өмірді қалай танитындығын байқайық.
Ит. Ит қызыл және қызғылт-сары түсті дұрыс көрмейді. Бірақ күлгін түсті заттарды адамнан гөрі жақсы қабылдайды. Түнде көру қабілеті жоғары. 700-900 метр қашықтықта қимылдаған денені бірден байқайды. Затты 30-35 сантиметр жерден нашар көреді.
Тотықұс. Қандай зат болса да барлығын адам секілді ультракүлгін және түрлі-түсті шоғырда көреді. Тетрахроматик. Ең негізгі түстері – қызыл, жасыл, көк, ультракүлгін. Көру жүйесі адамнан бірнеше есе мықты дамыған. Шалғайда орналасқан затты оп-оңай көреді. Заттың алыс-жақындығына байланысты көзін икемдей алады.
Тышқан. Тышқан дихроматикалық түрде көреді, яғни екі түсте. Жасыл мен ультракүлгін түстерді жарым-жатылай ажыратады. Көзінің көргіштігі адамнан 30 есе төмен, бірақ түнде өте жақсы көреді.
Шыбын. Көру мүшесі басының акрон бөлігінде орналасқан. Оның көздері «фасетті көздер» деп аталады. Затты мозайка түрінде көреді. Адам сияқты барлық түсті жақсы ажыратады. Ең басты түстері — көк, жасыл, қызыл және ультракүлгін. Жарыққа деген сезімталдығы аса жоғары. Адамнан 100 есе нашар көреді.
Балық. Адам көретін түстің барлығын жақсы таниды. Кей балық түрлері затты инфрақызыл ауқымымен де көре алады. Су астында қызыл түсті бірен-сарандап, ал қызыл-жасыл және көк түсті орташа деңгейде көреді. Көз көргіштігі адамнан 10 есе төмен. Заттың арақашықтығына байланысты көзін икемдей алмайды. Жақын қашықтықта көруі 1.5 метрден кейін нашарлайды. Көзінің жалпы көруі 10-15 метрден аспайды.
Тасбақа. Көздері түрлі-түсті майлы сүзгіштен тұрады. Сары-қызғылт және қызыл түске өте сезімтал. Күлгін-көк түсті мүлдем көрмейді.
Оқи отырыңыз:
Ең ұзын мақұлықты білесіз бе?
Денеңіз туралы сіз білмеген деректер
Тағамның дәмін тіл емес, ми анықтайды
Галактикамызда Жаңа Күн жүйесі қалыптасты
Сурет: www.interfax.by