- Негізгі бет
- Ол кім? Бұл не?
- Аңызға толы Мерлион...
Аңызға толы Мерлион жануары туралы не білесіз?
Мерлион немесе «геральдикалық теңіз арыстаны» – жартылай арыстан, жартылай балық кейіпті аңыз жануар. Мерлион көбіне Азия мәдениеті (Үндістандағы Аджанта мен Матхура ғибадатханаларының фрескаларында) мен Батыс Еуропа геральдикасында (ағылшынның Ярмут және филиппиннің Манила қалалары мен Ост-Индия компаниясының елтаңбаларында) кездеседі.
Ал бүгінде, Мерлион – заманауи Сингапур қаласының танымбелгісі. Арыстандар қаласында мерлион суреті бейнеленген кәдесыйлар, пошта маркалары, логотиптер мен жарнамалық өнімдер үлкен сұранысқа ие.
Сингапурда екі дербес мерлионның мүсінін көруге болады. Бірінші Сингапур мерлионының ұзындығы 8,6 метр, ал салмағы – 7 тонна. Бұл қаланың басты ескерткіші ретінде қойылған. Екінші мерлион 37 метр биіктікке ие. Ол Сентоз аралында туристік атракцион қызметін атқарады. Мерлионның алып нұсқасының үстінен заманауи қаланың панорамасын тамашалауға болады.
Ж. Өрісбай