Солтүстік Каролина тұрғыны Мишель Шуффлер бір күнде екі бірдей лоторея билетінен ұтысқа ие болды. Нәтижесінде миллион доллар ұтысқа кенелді, - деп жазады The Sun басылымы.
Жеңімпаз бірінші билетті күйеуінің азын-аулақ ақшасына ойламаған жерден сатып ала салған. Қорғаныс қабатын ашқанда ұтысқа кенелгендері белгілі болып, 10 мың АҚШ долларын ұтып алған. Араға бірнеше сағат сала өзге дүңгіршіктен тағы бір лоторея билетін сатып алып, сәттіліктерін сынап көрмек болған. Бұл жолы олар сатып алған билеттен 1 миллион доллар ұтыс шыққан. Жеңімпаз бұл табыстарын кездейсоқ келген бір ғажайып деп бағалады.
Мишель Шуффлер барлық қаржыны бірден алмай, алдағы 20 жылда 50 мың доллардан ғана алып тұру туралы шешім қабылдаған. Ол бұл ақшаны балаларының университетте оқуына жұмсайтынын айтқан.
Айта кетейік, елімізде бірегей "Лотереялар және лотерея қызметі туралы" Заң бар. Осы Заң аясында, ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 10 ақпандағы №48 қаулысымен "Сәтті Жұлдыз" АҚ бірыңғай лотерея операторы болып айқындалды. 2016 жыл соңында қабылданған заң бойынша, жаңа оператор түскен пайданың 10 пайызын еліміздегі спорттың дамуына бөлетін болады. Десе де "Сәтті Жұлдыз" АҚ басшылығы 10 пайыз емес, өз еріктерімен 15 пайыз көлемінде қаржы бөлуді қолдап отыр.
"Сәтті Жұлдыз" АҚ қыркүйек айынан бастап елімізде "Бақытты 7" және "Алтын" деп аталатын лотереяларды ойнату басталды. Лотереяларды жалпы тиражы — 2 миллион 100 мың билет. Олардың 450 мыңнан астамы ұтысты билеттер. Яғни әрбір 4-5-ші билеттің жүлдесі бар. Енді әр қазақстандық бір сәтте 2 миллион теңгеге қалтасын қалыңдата алады. Ал лотереяның жалпы сыйлық қоры 468 миллион теңгені құрайды. Америка тұрғыны секілді сіздің де миллионер атануыңызға мүмкіндік бар.
"Бақытты 7" билеттері 300 теңге тұрады. Ал "Алтын" лотереясының билеттері - 500 теңге. Оларды халыққа қызмет көрсету орталықтарынан, «Қазпошта» бөлімшелерінен, «Мега» сауда ойын-сауық орталықтар желісінен және "Magnum Cash & Carry" филиалдарынан сатып алуға болады.