Әлемдегі ең үлкен медуза "сyanea capillata arctica" немесе "алып цианей" деп аталады. Оның тағы бір атауы – арыстан жалыны және шашты цианея. Ол Гиннесс рекордтар кітабына қармауышының ұзындығы бойынша кірген.
1865 жылы солтүстік атлантикалық жағалауға диматері - 229 сантиметр, ал қармауыш ұзындығы - 37 метр болатын алып медузаны мұхит толқыны су жағасына шығарып жіберген. Бұл медузалардың ішіндегі ресми тіркелген ең ірі медуза саналады.
Алып цианей су температурасы төмен мұхит суында өмір сүреді. Олар жағаға өте сирек келеді. Мұндай медуза су бойымен 20 метр тереңдікте, су толқынының бағыты бойынша жылжиды.
Медузаның түсі дене көлемі мен жас мөлшеріне байланысты әртүрлі болады. Жасы ұлғайған сайын цианей көркейіп, оның түсі ашықтана түседі. Цианей басқа медузалар сияқты жыртқыш жануар. Ол алдымен өзінің жемтігін әлсіздендіріп, кейіннен жаймен жейді. Оның басты қорегі: планктон, майда балықтар, шаян тектестер, ұлу және медузаның басқа түрлері. Ол өзінің құрбанын ағзасындағы күйдіргіш жасушасымен семдіріп, қармауыштары арқылы аузына апарады.
Қазіргі таңда Гиннесс рекордтар кітабы 1865 жылы табылған цианейді әлемдегі ең үлкен медуза деп есептейді. Бірақ зоолог мамандарының айтуынша, табиғатта одан әлдеқайда ірі диаметрі 250 сантиметр болатын медузалар бар екен.
Сурет: guinness-records.info
Оқи отырыңыз:
Сегізаяқ сіз ойлағаннан да ақылды
Қазақтар VIII ғасырда ота жасауды қайдан білген?
Британдық басылым Шыңғыс ханды қазақ деп атады
Ғалымдар пілге ұзын тұмсықтың не үшін керектігін анықтады