Әлемдегі ең лас өзен қайсы?

Әлемдегі ең лас өзен қайсы?

Индонезиядағы Ява аралында Цитарум деген өзен бар. Ертеде одан адамдар балық аулап, тұрғындар су алып ішетін болған. Ал бұл күнде өзен экологиялық апатқа ұшырап отыр. Мыңдаған тонна қоқыстың астында өзен бар екенін бір көргеннен ажырату қиын.

Бүгінде мұнда ешкім балық ауламайды. Өзен беті пластикалық бөтелкелер, жиһаздардың түрлі бөлшектері секілді қоқыстырға толы. Бұрынғы балықшылар қазір өзендегі қоқыстарды жинап күнін көріп жатыр. Пайдаға жарамдыларын сатып, ақша табады. Қоқыс жинайтын жандар шамамен аптасына 1-2 фунт ақша табады екен.

Өзеннің бойында 500-ге жуық фабрика орналасқан. Солардан шыққан қоқыстың бәрі сонда тасталады. Өздеріңіз ойлаңыздаршы, қаншама отбасы осы өзеннен су ішіп, киімдерін жуады. Сонда олардың денсаулығы не болмақ? Бұл – қазір сол аймақтың ең басты проблемасы.

Сурет:troniks.kz

Ж. Исакаев