Әр елдің өз саясаты бар. Сол бойынша бүтін бір мемлекеттің экономикасы, басқа да саяси жақтары дамиды. Тіпті, кейбір елдердің саясаты қызық. Мәселен, Ватикандағы ең жоғарғы билеуші атрибут - Қасиетті Тақ. Яғни, мемлекеттегі ең жоғарғы билікті Қасиетті Тақ жүзеге асырады. Осы секілді қызықты деректермен таныс болыңыздар!
1. Әлемдегі ең көп жалақы алатын Президент - Сингапурда. Мемлекет басшысының айлық мөлшері - 2 млн 183 мың 516 доллар.
2. Әлемдегі ең аз жалақы алатын Президент - Уругвайда. Мемлекет басшысының айлық табысы - 700 доллар.
3. Ұлыбритания Корольдігінің Конституциясы жоқ. Ол мемлекет "Статут" деп аталатын 3 заңмен өмір сүреді. 1707 жылғы "Шотландия мен Англияның бірігуі туралы" Статут, 1501 жылғы "Монархия заңдары" Статуты және 1845 жылғы "Жаңа конституциялық монархия" Статуты.
4. Ең үлкен Үкімет - Қытай Халық Республикасында. Онда 35 министрлік пен 21 мемлекеттік агенттік бар.
5. Ең шағын Үкімет - Лихтенштейн Патшалығында. Үкімет бар болғаны 3 министрліктен тұрады: сыртқы және ішкі істер, Сарай мәселесі.
6. Камбоджа Корольдігінде бірден екі Премьер-министр болады. Бірінші Премьер-министр - Тақ мұрагері. Екінші Премьер-министр - парламенттік сайлауда жеңіске жеткен партия жетекшісі.
7. Француз Республикасының Президентінің ерекше орынбасары бар. Ол лауазым былай аталады: Президенттің сән мәселелері жөніндегі көмекшісі. Бірінші қызметте атақты модельер Коко Шанель отырған.
8. Сауд Арабиясында парламент жоқ. Патшаның билігі абсолютті. Ол бірден елдің Королі, Премьер-министрі, Қаржы және Қорғаныс министрі. Жалғыз заң шығарушы орган - Сауд Әулеті және Патша.
9. Қазақстан Республикасы – президенттік басқару формасы бар демократиялық, құқықтық, унитарлы, зайырлы мемлекет. Демократиялық құқықтық унитарлы мемлекеттің тәуелсіз үш билік тармағы бар: атқарушы, заң шығарушы жән сот биліктері. Атқарушы билікті президент басқарады. Заң шығарушы билікті қос палаталы парламент (сенат – 47депутат, мәжіліс – 107 депутат) атқарады. Сот билігін Конституциялық сот пен жергілікті соттар жүйесі атқарады.