Табиғат құрастырған сұлулықты қайталау мүмкін емес. Көркіне көз тоятын гүлдердің де ішінде ең сұлуы бар екен. Біз әлемдегі ең әдемі деген үш гүлді ұсынып көрдік.
Гиацинт (Hyacinthus). Бұл гүлдің атауы Гиацинт атты грек баласының құрметіне қойылған. Аңызға сүйенсек, ол Аполлон Құдайына ғашық болған. Ал Гиацинтті жел Құдайы Зефир ұнатқан. Бірақ грек баласы жел Құдайын жақсы көрмеген, ал бұл Зефирдің ашуын туғызған. Сондықтан баланың басына Аполлон шығарған дискті лақтырған. Гиацинттің басынан аққан қанды Аполлон гүлге айналдырған. Ерекше бейнелі гүл кез келген жанды тәнті етеді.
Калла (Cаlla). Бөлме өсімдігі болып табылатын гүлдің Отаны – Оңтүстік Африка. Оны бақшаға да отырғызуға болады. Ақ калла – тазалықтың белгісі. Сондай-ақ бұл гүлдің басқа да түстері кездеседі. Калла – асқан нәзіктіктің, сұлулықтың әдемі мысалы.
Дицентра (Dicеntra). Жаралы жүрек, жүрек гүлі, Жанетта жүрекшесі, Құдай Ананың туфлиі сияқты көптеген балама атауға ие гүл туралы әр елде әртүрлі аңыз бар. Шынымен ерекше әдемі гүл ешкімді бей-жай қалдырмайды. Дицентра гүлінің көптеген түрі бар. Соның ішінде "таңғажайып дицентра" деп аталатын түрі бәрінен сұлу көрінеді.