АҚШ-тың штат атаулары қайдан пайда болған -2

АҚШ-тың штат атаулары қайдан пайда болған -2
Фото: Rcysl.com

Осының алдындағы ақпаратта АҚШ-тың алғашқы жиырма бес штатының атаулары мен олардың қайдан пайда болғаны туралы айтқан болатынбыз. Бұл жолы кезекті жиырма бес штатқа тоқталатын боламыз.

Невада

«Қармен оранған» дейтін мағына беретін, испан тілінен енген сөз.

НьюХэмпшир

Ағылшынның Хэмпшир графның құрметіне берілген.

Нью Джерси

Джерси аралының атына берілген.

Нью Мехико

Үнді тілінен шыққан, кезіндегі мексика даласындағы Рио Гранде өзенінің атауы.

Нью Йорк

Ағылшынның Йорк қаласының құрметіне берілген.

Солтүстік/Оңтүстік Каролина

Латын тілінде ағылшын патшасы Чарльз І құрметіне аталған.

Солтүстік/Оңтүстік Дакота

Үндінің Сиу тайпасын тән атау. «Дос» деген мағына береді.

Огайо

Үнділердің «мейрімді су» деген сөзінен шыққан.

Оклахома

Үнділердің «қызыл адам» деген екі түбірден туындаған атау.

Орегон

Француздардан келген сөз негізінде пайда болған.

Пенсильвания

Уильям Пеннің құрметіне берілген атау.

Род Айлэнд

Родос аралының құрметіне берілген.

Теннеси

Үнділердің сөзінен шыққан өзен атауы.

Техас

Үнділердің «Каддо» сөзінен шыққан, «дос», «жолдас» деген мағынаны білдіреді.

Юта

Үнділердің «биік тұрған» деген мағыналас сөзінен шыққан атау.

Вермонт

«Жасыл тау» деген мағынаны беретін, франуцз тілінен шыққан.

Батыс Вирджиния

Ағылшын патшайымы Елизавета І құрметіне берілген.

Вашингтон

АҚШ-ың бірінші президенті Д.Вашингтонның құрметіне берілген.

Висконсин

Үнділердің сөздік қорында кездесетін атау.

Вайоминг

Үнділердің сөзі. 

М. Ақан