Корнелиус Вандербильт 11 жасында мектептегі оқуын тастап, Нью-Йорк қаласында паромшы болып жұмыс істей бастаған. Ал 16 жасында тасымалдаумен жеке айналысуды ұйғарып, қарызға ақша алады. Оның 82 жасындағы байлығы $167.4 миллиардты құраған.
Базиль II (976-1025 г.г.) XI ғасырдағы Византия императоры болған. Ол 67 жасында $169.4 миллиард иемденген. Өзі өмірден озғаннан кейін мұрагері болмаған соң, империя да, байлығы да қолды болған. Спартак көтерілісін басқан римдік генерал
Марк Лициний Красс (115-53 г.г. до н.э.) құл саудасымен айналысады. Нәтижесінде, Рим қаласындағы ең қымбат жылжымайтын мүліктерді сатып алады. Оның 62 жасындағы байлығы $169.8 миллиардқа теңелген.
Генри Форд автомобиль өндірісін жолға қойған тұлға. Ол өзінің компаниясын 36 жасында ашқан. Ал жиырма жылдан кейін оның банк аккаунтында $188 миллиард қаржы болды.
Эндрю Меллон АҚШ-тың қаржы министрі болған. Оның байлығы 80 жасында $188.8 миллиардты құраған.
Осман Али Кхан Азаф Джа VIII Үндістан жаулап алған Хайдарабад пен Берар Корольдіктерінің соңғы билеушісі болған. 1937 жылы Time журналына ең бай адам деген атпен шыққан. Оның 50 жастағы қаржысы $210.8 миллиардты құраған.
Уильям Генри Вандербильт әкесі Корнелиус Вандербильттен 100 миллион доллар көлемінде мұра алған. Ол берілген қаржыны дұрыс қолданып, $231.6 миллиардқа айналдыра алды. Орыстың патшасы
II Николайдың 49 жастағы қаржысы $235 миллиард болған.
Эндрю Карнеги Шотландиядан Питтсбургқа (АҚШ) көшіп, 13 жасынан бастап текстильді фабрикада жұмыс істей бастаған. Ал жасы 40-қа тақалғанда әлемдегі ең үлкен құрылыс компаниясын иемденген. Ал 68 жасындағы бар табысы $298.3 миллиард қаржыны қалыптастырған. Ақшасының 90 пайызын қайырымдылыққа жұмсаған.
Джон Рокфеллердің жас кезінде екі арманы болған: 100 мың доллар табысқа кенеліп, 100 жасқа дейін өмір сүру. Ол 98 жасқа толуына 2 ай қалғанда өмірден озды. Оның табысы қазіргі бағаммен салыстырғанда $318 миллиардты көрсетіп отыр. Рокфеллердің негізгі компаниясы Standard Oil Америка мұнай нарығының 90 пайызын иемденіп отырған.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: luxlux.net