- Негізгі бет
- Ол кім? Бұл не?
- Адамзат тарихындағы ең...
Адамзат тарихындағы ең бай адамдар
- Корнелиус Вандербильт 11 жасында мектептегі оқуын тастап, Нью-Йорк қаласында паромшы болып жұмыс істей бастаған. Ал 16 жасында тасымалдаумен жеке айналысуды ұйғарып, қарызға ақша алады. Оның 82 жасындағы байлығы $167.4 миллиардты құраған.
- Базиль II (976-1025 г.г.) XI ғасырдағы Византия императоры болған. Ол 67 жасында $169.4 миллиард иемденген. Өзі өмірден озғаннан кейін мұрагері болмаған соң, империя да, байлығы да қолды болған.
- Спартак көтерілісін басқан римдік генерал Марк Лициний Красс (115-53 г.г. до н.э.) құл саудасымен айналысады. Нәтижесінде, Рим қаласындағы ең қымбат жылжымайтын мүліктерді сатып алады. Оның 62 жасындағы байлығы $169.8 миллиардқа теңелген.
- Генри Форд автомобиль өндірісін жолға қойған тұлға. Ол өзінің компаниясын 36 жасында ашқан. Ал жиырма жылдан кейін оның банк аккаунтында $188 миллиард қаржы болды.
- Эндрю Меллон АҚШ-тың қаржы министрі болған. Оның байлығы 80 жасында $188.8 миллиардты құраған.
- Осман Али Кхан Азаф Джа VIII Үндістан жаулап алған Хайдарабад пен Берар Корольдіктерінің соңғы билеушісі болған. 1937 жылы Time журналына ең бай адам деген атпен шыққан. Оның 50 жастағы қаржысы $210.8 миллиардты құраған.
- Уильям Генри Вандербильт әкесі Корнелиус Вандербильттен 100 миллион доллар көлемінде мұра алған. Ол берілген қаржыны дұрыс қолданып, $231.6 миллиардқа айналдыра алды.
- Орыстың патшасы II Николайдың 49 жастағы қаржысы $235 миллиард болған.
- Эндрю Карнеги Шотландиядан Питтсбургқа (АҚШ) көшіп, 13 жасынан бастап текстильді фабрикада жұмыс істей бастаған. Ал жасы 40-қа тақалғанда әлемдегі ең үлкен құрылыс компаниясын иемденген. Ал 68 жасындағы бар табысы $298.3 миллиард қаржыны қалыптастырған. Ақшасының 90 пайызын қайырымдылыққа жұмсаған.
- Джон Рокфеллердің жас кезінде екі арманы болған: 100 мың доллар табысқа кенеліп, 100 жасқа дейін өмір сүру. Ол 98 жасқа толуына 2 ай қалғанда өмірден озды. Оның табысы қазіргі бағаммен салыстырғанда $318 миллиардты көрсетіп отыр. Рокфеллердің негізгі компаниясы Standard Oil Америка мұнай нарығының 90 пайызын иемденіп отырған.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: luxlux.net
Ж. Өрісбай