Адамдар ең алғаш металл ретінде алтынды таныған. Бұл сонау тас ғасыры еді.
Сол кезеңде ең алғаш аңға шыққан адамдар кішкентай өзен жағасынан кішкене сары түйіршіктер кездестірді. Олардың арасында ірілері де болды. Табылған сары түйірден өзгешелік байқалды. Мысалы, бірнеше қиыршықтан үлкен құйма ерітіп құюға болатын еді. Ал жоғары пластикалық қасиеті арқылы тас құралы етіп өңдеуге болады.
Алтынның алғашқы жасанды түрі аңшыларды, тіпті тұтас тайпаны жын-перілерден қорғайтын қарапайым тұмар түрінде жасалды. Уақыт өте келе шеберлік шыңдалып, нәтижесінде алтын өнімдері әшекей бұйымдарға айналды. Осы мақсатты көздеп, өзен құмдарынан су шайып не жел құрғатып кеткен алтынды адамдар арнайы іздей бастады. Металл салмағы едәуір ауыр болғандықтан, оны құмнан ажырату аса қиынға соқпады.
Көп уақыт өткен соң адамдар алтынның табиғатта сирек кездесетін металл екенін аңғарды да, оның құны өсе бастады, оған сұраныс та көп болды. Алтынның әмбебап төлем тәсілі болатыны, яғни ақша орнына жүретіні таңғаларлық жай емес еді, ал мемлекет алтын өндірісін дереу «өнеркәсіптік масштабқа» көтерді. Сондықтан төлеу әдісі қазіргі қарапайым қалпында қалды.