Адам – жұмбақ жаратылыс. Адамзат жаратылғалы бері қанша ғасыр өтсе де, әлі зерртеліп келе жатырған тіршілік иесі – адам. Біз адамның тылсым табиғатын түсініп болдық па? Әрине, жоқ. Адам ағзасы өте күрделі. Осы орайда адам туралы қызықты мәліметтер топтамасының екінші бөліміне кезек берейік.
1. Денедегі нервтік импульстер шамамен алғанда, секундына 90 метр жылдамдықпен соғып тұрады.
2. Сәби дүниеге келген сәтте онда 300 сүйек болатын көрінеді. Ал орта жасқа жеткен шағында оның тек 206-сы ғана қалады.
3. Адам қолының саусағындағы тырнақ ақтыкіне қарағанда 4 есе жылдам өседі.
4. Көк көзді адамдар басқаларға қарағанда жанына батқан ауруды тез сезінеді.
5. Өмір сүрген уақытта денедегі терінің түрі 1000 рет өзгеріске ұшырайды
6. Жапондық дәрігерлердің мәліметінше тісті күніне 3 рет тазалау артық салмақтан арылуға көмектеседі.
7. Үлкен жастағы адамның денесінде 76 шақырымды құрайтын нерв талшықтары бар.
8. Жәндіктер адам денесіндегі басқа мүшелерге қарағанда аяқты көп тістейді.
9. Оңқай адамдар оң жағымен, солақай адамдар сол жаө ауыз қуысымен таматы шайнап жұтады.
10. Алақандағы ең ұзын орта саусақ – ең сезімтал.
11. Адам күніне өз сілекейінің 1,5 литрін ішке жұтатын көрінеді.
12. Ерлер әйелдерге қарағанда 40% артық терлейді.