Адамның алғаш қолға үйреткен үй жануары – мысық. Археолог мамандары Кипр елінен осыдан 9 мың жыл бұрын жерленген мысық мәйітін тауып алған. Мысық қасынан адамның сүйек қалдықтарымен қоса, әшекей бұйымдар табылған. Бұл ақпараттардың барлығы қосақтала келе, профессор ғалымдарды «адамның алғаш қолға үйреткен үй жануары – мысық» деген тұжырымға әкелген.
Ежелгі Мысыр адамдары мысық жануарын ерекше қастерлеген. Әсіресе, тышқан аулау кезінде таптырмас қару болған деседі. Оқымысты кісілер зерттеу, барлау жұмыстарында елдің тұғыры биік, билік басшылары өздерінің сүйікті үй жануарын алтын тас табыттарына (саркофаг) жерлегенін анықтаған. Ол тас табыттардың жас мөлшері шамамен 5 мың жылды құрайды.
Мысық – өте таза жануар. Мұның себебі олар аңшылық кезінде құрбанын шошытып алмас үшін үстіндегі жаман иісінен құтылады. Аң аулауда мысық қорегін бос сандалып артынан қуа жөнелмей, жай ғана шыдамдылық танытып, апанында сәтті күтеді. Олжасы сес бергенде, лезде қағып түсіреді.
Оқи отырыңыз:
Цеце шыбыны туралы не білесіз?
Жыландар топтастығы барын білесіз бе?
"Қызыл шаяндар" өрісі туралы біле жүріңіз
Балық аулап жейтін өрмекші туралы білесіз бе?
Әлемдегі жалы ең ұзын жылқы туралы білесіз бе
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Сурет: www.fanpop.com