- Негізгі бет
- Ол кім? Бұл не?
- «А» әрпінің мағынасы...
«А» әрпінің мағынасы
«А» – көптеген әліпбидің алғашқы әрпі. Символ танушы мамандар басқа әріптің барлығы «А» дыбысынан шыққан деп сендіреді. «А» әлемде ең көп таралған дауысты дыбыс. Ғаламда мұндай дыбысы жоқ тіл болмаған. Убых тілінің алфавитінде «А» әрпінен өзге дауысты дыбыс жоқ.
Финикия халқы ортасында кермесі бар, үшбұрыш секілді «А» әрпі ел қасиет тұтатын бұқаның басына ұқсайды деп ұғады.
Египет иероглифінде қыран (Aquila) бейнесінде салынатын «А» әрпі басталуды, ашық күн мағынасын білдіреді.
Славян алфавитіндегі алғашқы «Азъ» әрпі – «мен» деген есімдік мағынасын білдіреді. Кейде ол «бастау», «бастама» деген түсінікке де ие болады. 1 цифрымен белгіленетін бірлік мағынасы да осы «Азъ» дыбысымен сәйкес келеді. Араб әліпбиінің басында тұрған «Алиф» әрпі де мағыналық жағынан «бір» цифрымен үйлеседі.
XVIII – XIX ғасырдарда орыс алфавитін құрғанда «Азъ» атауы «А» әрпімен белгіленді де, «мен», яғни орыс тілінде «Я» деп аталатын бірінші жақтағы жіктік есімдік алфавиттің соңынан орын тепті.
@. @assel_assanova