PR маманы беделді адамға айналудың жолын түсіндірді (Видео)

PR маманы беделді адамға айналудың жолын түсіндірді (Видео)

Назарларыңызға пиар маманы Ербол Азанбекпен болған сұқбатымызды ұсынамыз. Сіз бұл материалдан келесі сұрақтарға жауап таба аласыз:

  • Қоғамдағы беделіңізді өсірудің қандай жолдары бар?
  • Интернет арқылы қалай дамуға болады?
  • Танымал адам болу үшін не істеу керек?
  • Қазіргі қоғамның қандай жаңа мүмкіндіктері бар?

 

Ербол Азанбек Қазақ Ұлттық Университетінде қоғаммен байланыс саласының бакалавриатын, журналистика мамандығы бойынша магистратураны оқыған. Қазір Kaspi Bank Акционерлік қоғамында баспасөз хатшысы. Бұған дейін "Қазақпарат" агенттігінде, "Қазақстан" телерадиокорпорациясында қызмет атқарған. 

Ескерту: Видеоны HD форматында көруге болады.

PR деген не?

PR – беделді басқару. Танымал емес адамның бет-бейнесін халыққа танымал ету, жағымды образын қалыптастыру, кейін образдың беделін сол деңгейде ұстап тұру.

Мысалы, әнші Қайрат Нұртас туралы интернетте түрлі жел сөздер, видеолар, өсек-аяң толып жүр. Бірақ, бұларға байланысты Қайраттың пиар мамандарының тарапынан қандай да бір шаралардың жүргілізіп жатқанын көрмейсіз. Егер Қайраттың қасында жақсы пиар маманы болса, интернеттегі жел сөздердің барлығына жауап беріп, түрлі кездесулер ұйымдастырып, оқыс оқиғалардан кейін оның әрекеттерін жағымды жағынан көрсетіп, беделінің түспеуін қадағалар еді.

ми

Интернеттің PR-дағы рөлі

Интернет журналистикаға көп өзгеріс енгізді ғой қазір. Журналистердің өздері ақпаратты әлеуметтің желілерден, түрлі сайттардан алатын болды. Қоғаммен байланыс саласы да тура сол сияқты. Интернет пайда болды – қоғаммен байланыс саласы да 180 градусқа өзгерді. Өйткені қазір әрбір адам интернетке кіріп өзі туралы ақпарат тарата алады. Өзінің жағымды бет-бейнесін интернет арқылы қалыптастыра алады. 

Интернет пайда болғанға дейін оған ешкімнің қолы жете бермейтін. "Егемен Қазақстанға" да, "Қазақ әдебиетіне" де, "Хабар", "Қазақстанға" да қарапайым адамдардың қолы жетпейтін еді. Сондықтан жазушылар, ірі танымал тұлғалар ғана халық алдында жұлдыз болып жүрді. Қазір интернет пайда болғалы бер кез келген адамға жұлдыз болуға мүмкіндік бар – әлеуметтік желілерге тіркел, сол арқылы халықпен байланыс жаса. Интернет жеке адамның имиджін қалыптастыра алатын құралдың бірі. Сондықтан өзіңнің кім болғың келетініңді білсең, әлеуметтік желіні сауатты пайдалана алсаң, сауатты ой-пікіріңмен бөлісіп отырсаң, халықтың алдында беделің тез көтеріледі. 

ав

Қазақстан нарығындағы жеке брендтер

Бізде жеке бренд деген нәрсеге көңіл бөлінбейді. Бізде бренд деген нәрсеге тек бизнес құрылымдар көңіл бөледі: ірі компаниялар, банктер.

Егер елімізде шетелдегідей нарық болса, халық саны көп болып, жеке адамдардың арасындағы бәсекелестік күшті болса, жеке бренд деген нәрсеге мән берілуі мүмкін еді. 

Қазақстандағы PR саласының болашағы, даму перспективасы туралы

Егер бізде бизнес саласы дамыса, пиарда да бәсекелестік болады. Жалпы алғанда сала осы деңгейінде қала береді деп ойлаймын. Өйткені, халық саны аз, сондықтан бәсекелестік аз, нарық үлкен емес. 

Дайындағандар: Еркебұлан Қайрахан, Өмірбек Сансызбай

сурет, видео: ©Massaget.kz

Е. Қайрахан