- Негізгі бет
- Ол кім? Бұл не?
- "@" – айқұлақ...
"@" – айқұлақ белгісі қайдан шыққан?
Интернетті қазір бүкіл әлем пайдаланды. Соның ішінде мына бір @ белгіге күн сайын жолығамыз. Оның не екенін немесе қайдан пайда болғанын аңғара бермейміз. Ал біз жауабын таптық.
«Айқұлақ» атап кеткен «@» белгісін америкалық инженер Рэй Томлинсон ойлап тапқан 1971 жылы ол жер бетіндегі ең бірінші электронды хат жіберген адам. Бірақ ол үшін оған екі бірдей жұмысты қоса атқару керек болған. Яғни жіберуші тарап және адресат керек еді. Ақыры бұл жолды Рэй өзі ойлап табады. Ол адамның аты мен тегінде бұрын соңды кездеспеген белгіні құрастырады. Ал бұл белгі компьютердің пернетақтасында кезіндегі жазу машинасынан қалған. Ал ең бірінші жазу машинасы 1885 жылы «Ундервуд» атауымен жарық көрді. Онда «@» белгісі болған.
«@» белгісі Ортағасырда пайда болған. Оған дәлел Италияның ең білікті зерттеушісі Джорджио Флоренци бұл белгінің ең алғашқы жазба түріндегі үлгісі тапқан. Ол дерек бойынша 1536 жылы испания жерінен келіп, шарап сатқан үш саудагер өздерінің шараптарын «@» осы белгімен таңбалаған. Уақыт өте келе бұл белгінің өз атауын да берген. Яғни «amphora» - белгілі бір бірлік.
М. Ақан