- Негізгі бет
- Үй тапсырмасы
- Жануарлар туралы жұмбақтар...
Жануарлар туралы жұмбақтар
Бастауыш сынып балаларына арналған жануарлар туралы жұмбақтар ұсынамыз.
Бұл не қылған ер еді?
Қандай мықты жүрегі.
Түздің маңғаз түлегі,
Бір ұрттам су татпастан,
Мың шақырым жүреді.
(түйе)
***
Екі найзасы бар,
Екі айнасы бар.
Төрт аяғы бар,
Бір таяғы бар.
(сиыр)
***
Басында үшкір істігі бар,
Өзіне лайықтап тон пішкен,
Секіріп тастан түскен.
(ешкі)
***
Түрі -жылқы бейнесі,
Жолақ-жолақ жейдесі.
(зебра)
Далада жүр шапқылап
Керемет бір саққұлақ.
(қоян)
***
Аяғы бар,басы бар,
Арқасында тасы бар.
(тасбақа)
***
Өзінше ноян
Қорқақ кім?
(қоян)
***
Басында мүйізі бар,
Үстінде киізі бар.
(сиыр)
***
Мұрты бар, сақалы жоқ,
Тоны бар, шапаны жоқ.
(мысық)
***
Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан.
(аю)
***
Қаңғырамын үйім жоқ,
Ауылдардың қойы көп.
Ұрлық,зорлық кәсібім,
Тамақтанар-нәсібім.
(қасқыр)
***
Тонын киіп туған,
Жалап бетін жуған.
(мысық)