- Негізгі бет
- Үй тапсырмасы
- Омар Һәйәм рубаиларының...
Омар Һәйәм рубаиларының тақырыптары
Омар Һәйәмнің (Ғийас әд-Дин Әбу-л-Фатх Омар ибн Ибраһим әл-Һайям) рубаилары сан тақырыпта өрбиді. Ол уақыт, адамзат, өмір мен өлім, жақсы мен жаман, жұмақ пен тозақ, қанағат пен обырлық, жастық пен кәрілік, махаббат пен зұлымдық тақырыбын төрт жолдан тұратын өлеңге сыйғызған. Оның жан-жақты тақырыптарды қамтыған рубаилары адамға түрлі ой салады.
Ей, көңілім, сыйлық күтпе бұл заманнан қараңғы,
Уақыт озар барлығынан шаң қаптырып адамды.
Дертің әр сәт күшейеді, ауырады тынымсыз,
Күткенменен мына уақыт емдемейді жараңды.
Өтіп жатыр өмір қиын, дертімнің жоқ емі де,
Рахат – қысқа, қиындықтың болмай жатыр шегі де.
Бірақ-тағы шүкір етем, Жаратқанға молынан
Тастамаған апатпенен зұлымдықтың кеніне.
Ақын өмірдің өткінші, уақыттың санаулы екенін айтып, тағдырға бүкіл салмақтып артып қоюға болмайтынын ескертеді. Өз тіршілігіңді қамдап, еңбек етіп, адам болудың амалын табу керектігін алға тартады. Жастық пен кәріліктің өз шағында өз қызығы болатынын, әр сәтті өз уақытында «ұстай» білу керектігін айтады.
Дүниенің саф асылы, сарасы – біз,
Мақсаты, майса гүлі, санасы – біз.
Бұл жиһан дөп-дөңгелек жүзік болса,
Жауһардай жанған соның шарасы – біз.
Тіршілік иелерінің ішінде санаға ие тек адамзат баласы екенін айтып, әлемді дөңгелек жүзікке баласа, адамды жүзіктің жауһар «көзіне» балайды. Жүзіктің бағалы жері – көзі десек, адам баласын да сондай бағалыға теңейді. Адам баласының даралығын, ақылдылығын, саналылығын жырына қосады.
Аяймын күнім батып, түн болғанын,
Жігері талай жұрттың құм болғанын.
Айтпады-ау ол дүниеден келіп біреу,
Кешегі кеткендердің кім болғанын.
Өмірде өткенді айтып, тарихты шертіп отыратын біреудің болмайтынына налиды. Күн атысымен, тез батады. Өткендер туралы естеліктер айтылмай қалатынын, кінің кім болғанын ешкімнің болмайтынына жаны ашиды. Яғни, мәңгілік ешкімнің болмайтынын айтады.
Ой мен қыр мен кезбеген қалған емес,
Алдамшы алдырмады арман-елес.
Азабын аз өмірдің көп тартсам да,
Жақсы өтті кейбір кезім, жалған емес.
Қамшының сабындай ғана өмірдің көп азабын тартқан ақын өткеніне өкініш айтпайды. Өзін сабырға шақырып, естен кетпейтін керемет шақтарын еске алады.
Сурет: hdwyn.com
Е. Жұмабайұлы