Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алтын ұя / Үй тапсырмасы / М. Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесіндегі баяндау стилі

М. Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесіндегі баяндау стилі

М. Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесіндегі баяндау стилі

Мұхтар Әуезовтің баяндау стилі ерекше көркемдікке құрылған. Оның шығармашылық әлемінің айрықша баяндау стилі «Қорғансыздың күні» әңгімесінде өте тартымды жеткізіледі. «С. қаласының оңтүстігін жайлаған елдің қалаға қатынасатын қара жолының үстінде Арқалық деген тау бар. Даланың көңілсіз ұзақ жолында қажып келе жатқан керуенге арқалық алыстан көрініп, дәмелендіріп тұрады. Жолдың аузында көлденең созылып жатқан тұрқы он шақырымдай болғанмен, енсіз кереге сықылды, жалғыз тау...» деп басталатын бұл туынды – 1924 жылы Мұхтар Әуезов қаламынан туындаған әңгімелерінің бірі «Қорғансыздың күні» шығармасы.

Шығармада өз заманындағы өзекті тілген мәселелерін Мұхтар Әуезов қалам-қарымына арқау ете білген. Кең құлаш суреттеулер мен реалды баяндаулар үйлесімді байланысқан... Адам көкірегіндегі қалтарыс қалыптарын, тебіреніс-толғаныстарын, ішкі сыр-сезімдерін ішкі психология-парасаттарын, мінез-құлықтарын табиғат тынысының тамаша тамырластыра көркем бере білген...

«...Арқалықтың жолы асатын кезең – Күшікбай кезеңі деп аталады. Күшікбай – Арқалықты қыстайтын бес-алты ауылдың атасы. Өзі батыр болған адам дейді. Дәл қара жолдың аузында, Арқалықтың бір кішілеу биігінің басында тастан үйген оба секілді жалғыз мола бар. Сол мола Күшікбай батырдікі. Кезең де сол себепті Күшікбай атымен аталған...»  деген жолдардан басталатын хикаят арқылы Мұхтар Әуезовтің тарихтан да тамыр тартқан қалам қалыбын көреміз.

«...Бұл жігіттің жасы отыз шамасында. Орта бойлы, дөңгелек денелі, қысқалау мұртты, шоқша сақалды, сұрғылт беті дөңгелек, жалпақтау. Суық қарайтын қисық біткен, кішілеу өткір көзінде және түксиген қабағында өзгеше қаталдық бар. Кішкене мұрны көз, қабағына үйлеспейді. Бұл адамның күлгендегі пішіні құмарлықққа көп салынғандығын білдіріп тұрады.

Бұл жігіт – Ж.-ның болысы Ақан мырза...»  деген жолдардан адам образын тура мінездеп суреттеген жолдары баяндалған. Бұл – қатал әрі сұм болыстың оқиға басталар алдындағы суық сипаты.

«...Қораның сыртынан білініп тұрған осы секілді көңілсіз күйін көрген адам «бейшара, мынау қандай сорлының қорасы екен?» деп еріксіз айтқандай. Мұны ойлаған адам үйге кіріп, қораны мекен қылған адамдарды көргенде, әлгі ойының шындығына көзі жетуші еді...»  деген суреттеулерден шығармадағы кейіпкерлерді жанама мінездеу арқылы тұрмысының тұралаған кейпін келтіре отырып бұл бейбақтардың тағдырының да тұрлаусыз бақытсыздығын ишаратпен нұсқап тұр.

«...Бұл үйдің барлық жаны – үш-ақ әйел. Пештің жанында біріне-бірі тығылып, бүрсиіп отыр. Әйелдердің біреуі – сексеннен асқан, кәрілігі әбден жеткен кемпір, екіншісі қырықтың шамасындағы әйел, үшіншісі он үш жастағы қыз...»  деген хабарлаудан үйлердің тұрғындарын санамалайды. Бұл тұрғындар: бірі – қайғыдан қаусаған қара кемпір, екіншісі – жесір келіні, үшіншісі – сол келіннен туған жетім немере қызы. Бұл әйелдердің үміт артқан бір-ақ үкілі үміттері бар, ол – он үш жастағы Ғазиза.

«...Ол – сыпайы, нәзік болып өскен Ғазиза: жіңішке сұңғақ бойлы, азғана секпілі бар, дөңгелек аксұр жүзді Ғазиза. Көрген көзге алғашқы жерден-ақ сүйкімділігін сездіретін уыз жас. Жалғыз-ақ ұяң, жұмсақ қарайтын қара көзінде және ылғи шытынған, кірбеңдеген қабағында қалың уайымның салған ізі бар. Пішіні – мұңды, жүдеу. Жас басына орнаған қайғы, жүрегін жеген дерт сыртына шығып тұр...». Бұл – Ғазизаның көз алдымыздағы тірі образ-бейнесі; суреткер қаламынан ұшқындаған бейнелер. Әйелдердің қасіреті – үйдің тірегі болған ер атаулының қазасы. Жалғанның жартысы жарылып жоғалғандай жапа шеккен қара қаншырдай қаралы күндердің қара ақазан қайғысы еді.

Қара кедей сараң байдай емес. Қарапайым әрі қонақжай, ешкімге шерін жеміріп, жемін жасырған емес. Қазақы қарапайымдылықпен қонақты жайы келгенше күтеді, шер-мұң, нала-насын, тағдырға деген лағынет қарғысын қонақтарға сыр шертіп айтады, қарапайым қазақы жалпылық пен әңгіме. Алайда, олардың мұң-наласына ішіне мұз қатып сеңгір серектелген Ақан болыстың мұрты сүйем де қимылдамады.

«...Дүниені қараңғылық басты. Ғазизаның үрейі үшып, жүрегі тулап, есі шыққан-дай болып, сезімнің бөрі жоғалып, жалғыз-ақ «құтылсам-ау!» дегенді ойлап, қайта-қайта қатты жұлқынып ұмтылды. Сезімі жоқ, қатты ұстаған мықты кол рақым ойлап жібермеді. Еріксіз өз еркіне көндірді. Жалғыз-ак қараңғы қуыста жалынған, жалбарынған, біресе есі кетіп, жүрегі жаншылып, үзіп-үзіп жылаған дыбыстар келеді. Сезімі жоқ жауыз қара күштің қылған күнәсі мен зұлымдығына қатты тоң жер, суык балшық, көрдей қап-қараңғы дүние куә болды..». Жазушы осы арқылы қатыгез адамды ешқандай сыр-мұңмен еліте, жібіте алмайтыныңды тап басып жеткізеді. Қасірет емес ар алдындағы арсыздық еді. Ешқандай күнәсі жоқ, нәп-нәзік сұлу қызды қара бұдыр күштің иесі жазықсыз жазалады.

«...Жүрегінде ар-ұят та, жігер-намыс та бірге өскен. Кедейлігінен, қорғансыздығынан басқа міні жоқ, салмақты, таза тәрбиелі бала - бұл күнде сол не көріп отыр? Әкесі өлгеннен бергі: «ә, қүдай, біреудің зорлығын, қорлығын көрсетпе!» деп, тілеген уыз тілегі қайда кетті? Бұрынғы бейнет, бишаралық былай тұрсын, мынау көрген мазақ не? Осынша қорлау, рәсуәлау не? Әуелден бергі қазаны көруіне осы қаршадай жас баланың не жазығы болып еді? Бүгінгі өмір бойында құлағы естімеген зорлық, зұлымдықты көруге не жазық қылып еді? Қандай арамдық, не бұзық құлқы болып еді? Ешбіріне жауап жоқ. Бірақ қайда жүрсе де, артынан көлеңкесіндей қалмай жүрген бір сорлылық, бір жылау..». Мінеки, автор осындай жауапсыз сұрақтар арқылы күнәсіз қыздың қайыс қамшыдай өрілген қиын өмірін суреттейді.

Ит қашан да иттігін жасайды. «...Жиылған ағайындары көп іздемей-ақ екі жас бейіттің арасында өлік болып қалған Ғазизаның сүйегін тауып алды. Үстіндегі онсыз да жұқа киімдері әр жерге шашылып қалыпты. Ғазизаның шашы азырақ дудырап қапты. Денесінің жартысын қар басқан. Әкесінің бейітіне жабысып, қасіретті өмірдің ақырғы қуатын сол жерде берген екен. Өлер сағатына шейін қабағын басқан қайғы бұл уақытта жадыраған ізі қалған жоқ. Балалық жүзінде: «Менде жазық жок, мен тазамын» деген ашық тазалықтың белгісі, қайғы-қасіреттен сейілген жас баланың ажары бар...»  деген жолдар ең сезімге әсер ететін жолдар еді. Жазықсыз қыз ақырғы өзінің ары үшін күресіп, шаһит болды. Ары, абырой айран-асыр болған соң, өмір сүрудің өзі арсыздық еді.. Қыз ақыр аяғы өлімге ерлікпен бел байлап тұңғиыққа мәңгілікке кетті. Ал ақан сыбысын сылтідей тындырып тайып тұрды... Арсыз қашан да арам, ақылы арна жандар.

Негізінен, жазушы бұл қасіретті тағдырлар арқылы өмірдің қатыгездігін, әйел тағдырын тездеген теңсіздігін мәселе қылып көтерген. Жазушы бұл мақсатына осынау кең құлаш суреттеулер арқылы, кең көсіліс баяндаулар арқылы жеткен.

Дайындаған: Ербол Жұмабайұлы
Қосылған күні: 27 наурыз 2015, 17:30

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.