Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Алтын ұя / Үй тапсырмасы / Б.Мұқайдың «Өмірзая», Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» шығармаларындағы тоталитарлық дәуірдің шындығы

Б.Мұқайдың «Өмірзая», Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» шығармаларындағы тоталитарлық дәуірдің шындығы

Б.Мұқайдың «Өмірзая», Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» шығармаларындағы тоталитарлық дәуірдің шындығы

Тоталитарлық дәуірдің шындығы – қазақ әдебиетінде жазылып келгенмен, сирек әрі құпия болды. Тек 1988 жылдан бастап қана қазақ баспасөзінің өзекті тақырыбына айналды. Танымдық мақалалар мен танымал шығармалар дүниеге келді. Енді бір туындылардың «екінші ғұмыры» ашылды. Осы тұста Баққожа Мұқай мен Роза Мұқанованың тоталитарлық дәуір шындығын аша білген танымал шығармалары туралы айта кеткенді жөн санап отырмыз.

Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романы – Кеңес заманының озбырлығы мен оспадар саясатын әшкере еткен аз кітаптардың бірі және бірегейі. Бұл романда Кенесары туралы еңбек жазған Алдияр Ақпанұлы мен оның шәкірті Аяған Қуатовтың өмір өткелдеріндегі қым-қиғаш оқиғалар, арандатушылық әрекеттер, шындық үшін күрес жолындағы қиындықтары сөз болады. Бірақ кітаптың соңында шындықты дәлелдеймін деп арпалысқан, алысқан азаматтың барлығы өмірден озады. Өмірзая... Бірақ олардың ерліктері ел есінен шыққан жоқ.

Романдағы басты кейіпкері – Аяған Қуатов. Зерделі тарихшы, жасы 35-ке жеткен, қалыптасқан азамат. Парасаты, кісілігі, мейірбандығы, бар мінезіне тәнті боламыз. Ең басты қасиеті – туған халқын сүйетіні. Намыс, жігері. Ақыр түбінде мінге айналған, басын құртып тынатын тағы бір мінезі – қызбалығы. Аяған әуел баста Совет үкіметінің қағазға жазылған заңына сенеді. Бұрмалаушылар беріде деп ойлайды. Ұстазы, профессор Алдияр Ақпанұлының жолын әрі қарай жалғастырып, ол Кенесары туралы еңбек жазса, бұл Сыздық төре туралы көлемді зерттеуін тәмамдайды. Бар шырғалаң содан басталған. Әуелі Алдияр ақсақал құлаған. Содан соң өз басына қатер төнеді, жұмыстан шығарады. Бірақ Аяған әділ заңның күшіне сенеді. Ақсақалдың да, өзінің де ешқандай жазығы жоқ. Аяған ең жоғары кеңестік мекемелерге, ең биік партиялық басшыларға арыз жазады. Жаздым, жаңылдым деп емес, ісім ақ, қазақ тарихына қиянат жасалып отыр деген сарында. Нәтижесінде әуелі түрмеге түседі, одан шығысымен жындыханаға қамайды, ақыр аяғында өлтіріп тынады.

Міне, озбырлық кезең – зобалаң заман шындығы. Романда күрес жолындағы азаматтың барлығы да шейіт болады. Сұмпайылар мен опасыздар ғана қалады. Бірақ халық рухының өлмегені, елінің әлдебір терең қойнауында жаңа ұрпақ өсіп келе жатқаны оймен аңдалып, көңілмен ұғылғандай. Роман-трагедияның ең басты мұраты – отарлық заманның қара түнек зұлматын айғақтау екен. Бұл мақсат өз үдесінен шыққан. Жазушы Баққожа Мұқай бұл романы үшін 2000 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын иеленді.

Роза Мұқанованың "Мәңгілік бала бейне" пьесасы 18 жыл бойы қазақ театрының сахнасында үздіксіз қойылып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленген. Шығармада ядролық сынақтардың зардабынан мүгедек болған Ләйлә қыздың өмірі сипатталады.

«Мәңгілік бала бейне» - күллі қазақ жұртының ауыр қайғысы мен мұңын жамылған шығарма. Ядролық сынақтардың зардабынан мүгедек болған Ләйлә қыздың өмірі сипатталады. Оның туған жері Қарауылдың ащы болмысы мен әлеуметтік жай-күйі бейнеленеді. Ләйлә атомның әсерінен емес, адам баласының ісінен өз өмірімен қоштасады. Қоғамның лас әрекетіне шыдамаған Ләйләмен бірге оның Қарауылы, рухы, ұлты өледі.

Шығарма авторы Роза Мұқанованың айтуы бойынша, Ләйлә бейнесі өмірден алынған. Ол - Семей полигонының құрбаны болған жан. Бір күні Семей өлкесінде туылып, мүгедек болған жандардың суреттері қойылған фотокөрмені аралап жүреді. Қасірет пен мұңға толы аналар мен балалар бейнесінің арасынан Роза Мұқанованың назары бір кішкентай қыздың суретіне түседі. Шамамен, 5-6 жастағы бүлдіршін қыздың көзінен үлкен қасіретті көруге болатындай. Суретке жақындай бергенде, жазушы «Еңлік. Оның жасы 14-те» деген астындағы жазуды оқиды. Түр-әлпеті жас баладай, ал аяқ-қолы өскен қыз жүзі мәңгілік бала бейнені сақтап қалған. Мүгедек қыздың жанары қатты әсер еткені соншалықты, жазушы үлкен шығарманы дүниеге әкелді.

Байқап отырсаңыздар, екі шығармада да қазақ халқының басынан өткерген ауыр кезеңнің шындығы суреттелген. Тоталитарлық жүйенің тигізген зауалы айтылған. Халықтың ерен ерлігі мен тағдырдың ащы тауқыметі көрініс тапқан.

Сурет: lml.com.ua

Оқи отырыңыз

Қабдеш Жұмаділовтың "Тағдыр" романындағы ел бірлігі, ұлт мүддесі мәселелері

Мұқағали Мақатаевтың «Махаббат диалогы», «Қайран, Қарасазым-ай» өлеңдеріне талдау

М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңінің идеялық мұраты

Ойшылдық пен философияның көркем шығармашылықта алдыңғы планға шығуы

Қосылған күні: 26 наурыз 2015, 11:59

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.