- Негізгі бет
- Үй тапсырмасы
- М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты»...
М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңінің идеялық мұраты
Өр Алтай мен Атыраудың арасын мекен еткен алаш жұрты қазақ елінде, қазақ топырағында қара сөздің қадірін түсінер қара орман халықтың болғанын, сол халықтың қадір тұтқан ақындары да болғанын тарих парақтарынан анық білеміз. Суырып салма ақын мен шебер тілді шешеннің бүгінгі жалғасы Мұхтар Шаханов ағамыз. Өлең өлкесінде айрықша ізі қалдырған ақының «Ғашықтық ғаламаты» өлеңі белгілі бір сюжетке құрылған, астарлы оймен тереңнен толғаған тамаша туынды. Өлең қартаң әйелдің бауыр еті баласын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіруін баяндаумен басталады. Қызы да құрбы-құрдасының алды болып, жұрт көзіне жарқырай көрінген сұлулығымен белгілі болады.
Бір әттеңі, жас қыз сезім шырғалаңына түсіп, өнер адамына (әртіске) ғашық болып қалады. Бұл жағдай анасына ауыр тиеді.
Бар әйелі, баласы.
Үйленуге қайдан келсін шамасы.
Қызым соны білмейді ме?
Біледі!
Біле тұра селт етпейді жүрегі.
Небір жайсаң жігіттерді төредей,
Мазақ етіп кетпеді ме елемей?
Сүйгені некелі адам болса да қыз жүрегі тек сол адамға ғана арналып, өзге жігіттерге көз қырын да салмайды.
Ақынға бар мұңын шаққан ана қызына арнап өлең жазуын өтінеді. Ойы сан салаға тармақталған жыр шайыры былай дейді:
Күдіс пейіл кедергіден қайтқанымен меселі.
Ғашық жүрек өз тағдырын өзі ғана шешеді.
Жыға алмайды оны жұрттың өсегі.
Бұған дәлел - құдіретті "Қорлан" әні кешегі.
Ақынның айтар ақылымен нақылы да осы Қорлан әнімен бір арнаға тоғысады. Автор елу бір жыл ғашықтықтың азабын тартқан Естай ақынды негізге ала отырып, оның махаббатқа адалдығымен достықты қадірлеген ізгі жан екенін айтады.
...Ғашық болып өлу қандай мәртебе.
Тірлігіме шабыт берген бұл жүзік,
Жарық беріп жатсын маған көрде де!
Тірі күнінде қолы жетпеген арманын мәңгілік ұйқыға кетер алдында да бір сәт есінен шығармай көз жұмудың өзі жұмыр басты пендеге мәртебе дейді. Елу бір жыл қолында шабыт берген жүзігін өзімен бірге жерлеуін досына тапсырады.
Әне, солай Естай ақын көз жұмды.
Бұл туралы айтқан кезде Қорланға.
" - Егер олай етпесе
Естай Естай бола ма?
Онсыздағы жаны сұлу балаңа
Сұлу өлім сыйлапсың ау, Жер-ана!" -
Деп жылапты кемпір байғұс еңкілдеп.
Иа, бұл көз жас орындалмаған арманның, сағыныштың, өкініштің көз жасы еді.
Тост айтайық,
Қашық, қиын жол таңдаған ғашыққа:
Аспаны ашық болсын деп.
Ақын жүрегі осылайша зор шабытпен жырлайды. Сүю бақыты кез келген адамға бұйырмайды дейді. Шынымен бұл екінің біріне бұйыра бермейтін баға жетпес бақыт...
Сурет: Талғат Байқұлов
Оқи отырыңыз:
Балуан Шолақтың «Құлан кісінес», «Желіп-желіп», «Кенже қоңыр» әндері
Әдеби-мәдени даму бағыттары (кеңес дәуірі)
Cәбит Мұқанов «Аққан жұлдыз» романының көркемдік, композициялық ерекшеліктері
Жамбыл Жабаевтың «Зілді бұйрық» өлеңін талдау
Ж. Өрісбай