Қазақ әдебиетінің тәуелсіздік жылдарындағы даму бағыттары

Қазақ әдебиетінің тәуелсіздік жылдарындағы даму бағыттары

Жиырма төрт жыл бізге ұзақ мерзім болып көрінсе де, тарих үшін зымыраған құспен тең болды. Осы жылдар ішінде тұрмыс-тіршілігімізге, санамызға, салт-дәстүрімізге, әдебиетімізге көп өзгеріс енді. Заман адамы дамуына жаһандану әсер етіп, техниканың рөлі күшейді. Қоғамдық құрылыс нарықтық жүйеге көшті. Кезінде оқуға тыйым салынған шығармалар қайта басылып шықты. Елі үшін еңбегі сіңсе де, бір кездері қудалауға ұшыраған қоғам қайраткерлері ақталды.

Әдетте поэзия жанрындағы шығармалар соғыс жылдарында қарқынды жазылып, адамдарды жігерлендіру мақсатында ұтымды пайдаланылады. Тәуелсіздік жылдары – соғыстың ізі суып, бейбіт заман орнаған шақ. Сол себепті, бұл уақыт аралығында поэзияның рөлі төмендейді.

Тәуелсіздіктің алғашқы он жылында қазақ әдебиеті өз арнасын жаңа бағытқа бұрады. Жаңа бағыттың дамуына сәйкес оқырмандар көз майын тамызып оқитын проза, беріректе роман жанрындағы шығармалар жазыла бастайды. Олар - Төлен Әбдіковтің «Парасат майданы», Әкім Таразидің «Жаза», Мұхтар Мағауиннің «Мен», Қалихан Ысқақтың «Ақсу – жер жанаты», Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша», Зейнолла Қабдоловтың «Менің Әуезовім», Әбдіжамал Нұрпейісовтың «Соңғы парыз», Рамазан Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы», Қабдеш Жұмаділовтың «Дарабоз», Софы Сматайдың «Жарылғап батыр», Ұзақбай Доспамбетидің «Қызыл Жолбарыс», Хасен Әдібаевтың «Отырар ойраны», Асқар Алтайдың «Алтай новелласы», Әлібек Асқардың «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді», Бексұлтан Нұржекеұлының «Әйелдің жолы жіңішке», Тұрсынхан Зекенұлының «Көк бөрілердің көз жасы», Баққожа Мұқайдың «Өмірзая», Оразбек Сәрсенбайдың «Шеңбер», Құлмұқан  Исабаевтың “Шоң би”, Кәдірбек Сегізбайдың “Беласқан”, Жанат Ахмедидiң “Шырғалаң”, Тынымбай Нұрмағамбетовтың “Айқай” атты шығармалары. Аталған шығарманың барлығы тәуелсіздік жылдарында әдебиеттің ерекше қарқынмен дамығанын көрсетеді. Мұнымен қатар, сол заманның шындығын көзге шұқып айтқан әңгіме мен повестер жарық көрген.

Әңгіме дегеніміз – қара сөзбен жазылған шағын көркем шығарма жанры. Көлемі роман мен повестьке қарағанда шағын келеді.

Ал повесть – әңгіме мен роман аралығындағы прозалық шығарма.

Тәуелсіздің жылдарында жазылған повестер халық өмірінің кешегі күнін баяндайды. Бұдан өзге махаббат тақырыбы да қамтылған. Махаббатсыз адам өмірі қалай тұл болса, роман да онсыз өмір сүре алмаған.

Өтпелі кезеңде елдің әл-ауқаты төмендеп, рухани құндылықтары арзандай бастаған. Осы уақытта қазақ әдебиеті асыл сезімді биікке көтеріп, халық санасына жарық сәуле сыйлауға тырысады.

Сурет: rudaki.ru


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар