- Негізгі бет
- Үй тапсырмасы
- Әзілхан Нұршайықов "Ақиқат...
Әзілхан Нұршайықов "Ақиқат пен аңыз" романының жазылу тарихы
Әзілхан Нұршайықов 1922 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Келінсүйегі деген жерде дүниеге келген. Қазақстан Республикасының халық жазушысы. Алматы қаласындағы Тау-кең институтында, Семейдегі қазақ педагогикалық училищесінде, педагогикалық институтында оқыған. Қаламгер сомдаған Бауыржан, Мәлік тұлғалары асқақтықты танытса, Ербол, Меңтай образдары әдебімен оқырманын сүйсінтеді. М.Мәметова, Ы.Сүлейменов, Т.Тоқтаров, т.б. майдангерлер бейнесі қаһармандық мұраттарға жетелейді. Нұршайықов “Махаббат қызық мол жылдар” романы мен “Ескі дәптер”, “Әсем”, “Ботагөз” повестерінде адамгершіліктің әсемдікпен диалектикалық үйлесіміне баса назар аударған, кейіпкерлерінің рухани ізденістерін нанымды суреттеген. Қаһармандық рухтағы “Ақиқат пен аңыз” романы мен “Тоғыз толғау”, “Махаббат жыры”, “Ғажап адам”, “Невель түбінде”, “Великие Луки ұрыстары”, т.б. әңгіме, повестері дерек пен дәйектің, тарихи шындық пен көркемдік шешімнің арақатынасын ашуға бағытталған. И.Буниннің шығармаларын, М.Шолоховтың “Адам тағдыры”, П.Павленконың“Жарияланбаған хат” әңгімелерін, А. Якобсонның “Қорқау” пьесасын, т.б. туындыларды қазақ тіліне аударды. Нұршайықов 2-дәрежелі Даңқ, “Құрмет белгісі”, “Халықтар достығы”, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
Біз бүгін жазушының "Ақиқат пен аңыз" романына тоқталамыз. Ақиқат пен аңыз - Әзілхан Нұршайықовтың қаһармандық рухтағы шығармаларының бірі. Роман-диалог 1978, 1980, 2009 жылдары жеке кітап болып жарыққа шықты.
Қысқаша мазмұны
Бұл шығармада Ұлы Отан соғысының даңқты каһарманы, гвардия палковнигі Бауыржан Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасын мүсінделеді. Баукеңнің сонау балауса жастық шағынан бері, Совет Армиясының үздік мектебінде шыңдалу кезіңіне, Ұлы Отан соғысының отты жылдарынан бастап күні бүгінге дейінгі ұлағатты өмір жолын шынайы фактілер аясында қызғылықты баяндайды. Романның жазылу формасы да ерекше: бүкіл оқиға автор мен кейіпкердің диалогі арқылы өтеді.
Шығарманың басты кейіпкері
Бауыржан - Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик. Шығармада Бауыржан өзі айтқанынан қайтпайтын, тәкаппар, өр мінезді кісі болғанын көрсетеді. Жас кезінен бастап әкесінің сөздерін жадында сақтап өскен адам. Өлсе де өтірік айтпайтын, жамандық ойламайтын ақ жүректі кісі болған.
1928-1930 жылдары бастауыш мектепте ұстаздық етеді. Біраз уақыт аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы ретінде қызмет атқарады. Аудандық милицияда 6 айдай жұмыс істейді. 1932 - 1934 жылдар аралығында Қызыл Армия қатарына қызмет етеді. 1933 жылы полк мектебін бітіреді.
Міне, өмірге осындай тамаша туынды әкелген Әзілхан Нұршайықов әлем әдебиетіндегі алып тұлға. Оқырман қауым ардақтап, қадір тұтатын, көпшілікті өзіне үйіре алатын, көпке үлгі бола білетін жазушы қазақ халқы үшін қашан да биікте.
Сурет: azattyq.org
Ж. Исакаев