Литосфера – Жердің қатты қабаты

Литосфера – Жердің қатты қабаты

Литосфера деп Жердің қатты қабатына жататын Жер қыртысы мен мантияның сыртқы қабатын айтады. Құрлықтағы литосфераның қабаты орташа есеппен 35-40 шақырымнан (далалы аймақтарда) 70 шақырымға дейін (таулы аймақтарда) барады. Мұхит астындағы Жер қыртысы да литосфераға жатады. Бұл жерде оның қалыңдығы небәрі 7-10 шақырым айналасында болады. Ал Тынық мұхитының кейбір шұңғымаларында 5 шақырымнан аспайды.  

Жер қыртысының қалыңдығын сейсмикалық толқындардың жылдамдығы арқылы анықтауға болады. Сонымен қатар, аталған толқын мантияның құрылымы туралы да ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Литосфераның көп бөлігін магманың қатаюынан пайда болған кристалл тастар алып жатыр. Ал магма деп Жер ядросындағы температураның әсерінен еріп кеткен тастардың сыртқа шыққанын айтады. Магманың қатуынан әртүрлі қоспалар пайда болады. Олар Жер қыртысының арасынан шығу барысында құрамында болған минералдар бөлініп шығады. Минералдар тепература мен қысымның арқасында бөлініп, жаңа химиялық заттардың пайда болуына негіз болады.

Сурет: planetologia.ru

Ж. Өрісбай