- Негізгі бет
- Алтын ұя
- Сыныптастар арасында құрметке...
Сыныптастар арасында құрметке ие болудың 6 тәсілі
Кез келген ұжымда көпшіліктің көзайымына ие болатын және жанындағылармен сыйыса бермейтін адамдар болады. Соңғысы өзі секілді адамдарды жанына топтастырады немесе жалғыздықта өмір сүреді. Дәл осындай жүйе сыныпта да қалыптасқан. Әрдайым өзіне назар аудартатын оқушы болады.
Сіз олардың жолы болғыш келеді деп ойлайсыз ба? Мүлдем олай емес! Бар болғаны олар табысқа жету жолында біраз еңбектенеді. Сізге бір құпия ашайын, бұл сіздің де қолыңыздан келеді.
Ал сыныптастарыңыздың арасында құрметке бөленуге төмендегі кеңестер көмектеседі:
1. Қызықтыра біліңіз
Адамдар бір нәрсемен «ауыратын» және оны көрсетуге қорықпайтын адамдарға тартылады.
Әуесқойлық – сіздің басты артықшылығыңыз. Егер қызығушылығыңыз болса, онымен міндетті түрде бөлісіңіз.
2. Сыныптың өміріне ат салысыңыз
Тек өзіңізге емес, сыныптастарыңызға да пайдасы тиетін дүниелермен айналысып үйреніңіз. Ол сыныптың намысын қорғайтын қойылым, спорттық жарыс, КВН болуы мүмкін. Бұлардың барлығы да сізді дәл сабақтың өзі секілді қызықтыруы тиіс. Ал сол қатысқан жарысыңызда жеңімпаз атансаңыз, көптің көзайымына айналатыныңыз анық.
3. Сыныптастарыңызға көмектесіңіз
Сіз әдебиет немесе математика пәнін мықты меңгергенсіз бе? Онда сіз бұл сабақтардан бағасы нашар оқушыларға көмектесе аласыз.
Көмегіңізді бірінші болып ұсынудан қорықпаңыз. Мына заманда бірінші болып көмек қолын созатын адамдар өте аз.
Жалғасы бар...
Қ. Бүйенбай