Бүгін мектеп оқушылары асыға күткен ерекше күн. 25 мамыр күні мектептерде соңғы қоңырау соғылып, оқушылар сыныптан сыныпқа көшсе, мектеп түлектері алтын ұясымен біржола қош айтысады.
Бүгін 3,5 млн-ға жуық қазақстандық оқушы үшін соңғы қоңырау соғылды.
Оның ішінде мектептерден 150 мыңнан аса түлек түлеп ұшады. 9-сыныпты 270 мыңдай бала бітіреді.
Биыл "Алтын белгіге" 9 822 оқушы үміткер болып отыр.
Былтыр білім айдынына алғаш құлаш ұрған 350 мың бүлдіршін бүгін бірінші сыныпты тәмамдады.
Оқушылар 26 мамырдан бастап демалысқа шығады. Қашықтан оқыту кезінде үлгерімі нашарлаған оқушылар үшін олқылықтың орнын толтыру мақсатында жазғы мектептер ашылады. Ол 19 маусымға дейін жұмыс істейді. Мектеп тегін болады және үлгерімі төмен балаларға басты назар аударылады. Жазғы мектепке қатысқысы келген кез келген оқушының ата-анасы өтініш жазуы керек.
Фототоптама Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектептің соңғы қоңырау салтанатынан түсірілді.