Жақсы әңгіме жазуға кеңес

Жақсы әңгіме жазуға кеңес
Фото: top-desktop.ru

Курт Воннегут — америкалық жазушы, журналист, сатиралық әңгіме, очерк жазу шебері. Ол жақсы әңгіме жазу тәжірибесін бөлісіп, бірнеше кеңес білдіреді.

Оқырман сіздің шығармаңызды аяғына дейін оқығанына өкінбейтін жағдай ойластырыңыз.

Оқыған адам кемінде бір кейіпкеріңіздің орнына өзін қойып көріп, жағдайды елестетіп, оқиға желісіне кіріп кетіп оқитындай етіңіз.

Әр кейіпкер бір нәрсені қалайтын болуы керек, тіпті бір стақан су болса да.

Барлық сөйлем бір-бірімен жалғастық, сабақтастық тауып, өзіндік мағына беріп тұруы керек.

Барынша түйінге, шешімге жақын мағынада бастаңыз. Әңгіме немен басталса, сонымен аяқталған жөн.

Қаныпезер болыңыз. Қанша жерден жағымды кейіпкер болса да, өмірде идеал адам болмайтынын ескеріп, бір жағымсыз әрекетке апарыңыз. Сонда оқушы бұл кейіпкер не үшін шығармаға арқау болғанын түсінеді.

Бір ғана адамды риза ету үшін жазыңыз. Терезені аша сап, бүкіл әлемге махаббатыңызды паш етсеңіз, олай жазылған шығарманың құны жоғары бола қоймайды.

Оқырманға аз сөзбен көп ақпарат беруге тырысып, сөйлемдеріңізді барынша ықшамдаңыз.

Оқып отырған адам шығарманы сізсіз-ақ аяқтап алатын, яғни соңы немен бітерін біліп отыратындай қорытындыдан қашыңыз. Ешкімнің ойына кіріп-шықпайтын эпизодпен аяқтаңыз.

@. @assel_assanova