- Негізгі бет
- Шығарма
- Жар таңдаудағы үйлесімділік...
Жар таңдаудағы үйлесімділік заңдылықтары
Әрбір қазақ отбасы, әр ата–ана балаларын болашақ отбасылық өмірге тиянақты тәрбиелеуі керек. Өйткені дер кезінде берілмеген тәлім кейін бармақ тістететіні айдан анық.
Өмірлік жар таңдауда жастарға үйлесімділік заңдылықтарын білу қажет. Ерлі-зайыптылардың үйлесімі немесе үйлеспеуі еңбекке деген көзқарасқа көп байланысты. Қызметтік міндеттерін атқаруға жауапкершілікпен қарайтын адамдар ерлі-зайыпты өмірде үйлесімге оңай жете алады. Қызықты жұмыс, жұмысына қанағаттану ерлі-зайыптылық өмірге оң әсер етеді, ал, керісінше, үйдегі жайлы жағдай еңбек қабілеттілігіне, жұмысқа қанағаттанушылығына жақсы әсер тигізеді.
Қызметі орасан ақыл-ой еңбегі мен рухани күшті қажет ететін адамдардың ерлі-зайыптылық қатынастары жақсы болады. Еңбек ұжымына қанағаттану ұжымдағы қарым-қатынас жұмыскердің отбасындағы ахуалға әсер етеді, сондай-ақ отбасылық және басқа жеке мәселелер оның жұмыстағы мінез-құлқы мен көңіл-күйіне теріс әсер етуі мүмкін;
Ерлі-зайыптылық адалдыққа деген көзқарас. Ерлі-зайыптылық адалдықты сақтаушы адамдардың некесі көбінесе бұл қатынастарды бұзатындарға қарағанда неғұрлым үйлесімді;
Рухани мүдде. Адамның жалпы мәдениеті қызметтік міндеттер аясынан шығатын мүдделерді көздейді. Бұл мүдделер адамды рухани байытады, оның дүниетанымын кеңейтеді, оның ерлі-зайыпты қарым-қатынастарын құра білуіне жақсы әсер етеді;
Ерінің немесе зайыбының әлеуметтік-психологиялық қызметке тиістілігі, олардың қызметінің ерекшелігі - осындай факторлар мен өзге де факторлар отбасы ішіндегі қатынастардың сипатына және оның функционалдық қызметіне әсерін тигізеді.
Отбасы өз өмірінің айналымы бойына түрлі қиындыққа, жайсыз жағдайларға, проблемаларға ұшырасады. Мұндай кұбылыстар тізімінің отбасы үшін өзіндік ерекшеліктері болады дейді психологтар. «Қиындықтар» және «психологиялық қиындықтар» деген қиындықтың екі түрлі ұғымы бар екенін атап өткен жөн. Біз қарастырылып отырған тақырыпқа қатысты маңызы бар екіншісін қарастырамыз.
Ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, отбасындағы психологиялық қиындықтардың барлығы, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасының сипаты. Отбасының бүкіл тұрмыс-салты, отбасы мүшелерінің көңіл-күйіне, ахуалына, ерлі-зайыптылардың нәтижелі кәсіптік қызмет ету қабілетіне тікелей әсер етеді.
Болашақ ерлі-зайыптылардың арасындағы келісімнің алғы шарттарын қарастыра келіп, мына үйлесімділіктерді атап өтуге болады:
1. Әйел мен еркектің арасындағы өзара тартымдылық пен биологиялық, үйлесімділіктің болуы .
2. Жұптардың жеке тұлғалық жағымды қасиеттерінің болуы (әлеуметтік жетілуі, көзқарастарының, ақыл-ой деңгейі аса алшақ емес, төзушілік, рухани, еңбекқорлық, қамқорлық);
3. Ерлі-зайыптылардың жайлы өмір сүруіне жанама әсер ететін факторлар (ата-анасы, отбасының тұрмыс жайы, материалдық деңгейі);
4. Психологиялық үйлесімділік ( мінез-құлық,темперамент);
Егер жұбайлар бәрін ақылмен істесе, бұл процес күйзеліссіз өтуі мүмкін. Тактикалық тұрақтандырғыштар дегеніміз бірлескен өмірдің көптеген психологиялық тактикалық қателігінен бұрылып кетуге мүмкіндік беретін жалпы принциптер:
некеге дейінгі кезеңде туындаған қарама-қайшылықтарға нақты қарау;
қиялға берілмеу;
қиыншылықтан қашпау;
жұбының психологиясын танып білу;
ұсақ нәрсені де бағалай білу;
төзімді болу, ренішті ұмыта білу;
жұбының тілегі мен қажеттерін алдын ала біле білу және түсіне білу;
өз талаптарын қоршаған адамдарға жапсырмау, жұбының абыройын сақтау;
уақытша айрылысудың пайдасын түсіну;
өз-өзіне қарау;
тәрбиелеуге бірлікке ұмтылу; шама сезімін иелену.
«Қыз баланың бойында болашақта жақсы жар, жақсы ана, отбасы ұйытқысы болу үшін қандай білімі мен іскерлігі болуы керек?» деген сұраққа жастардың қайтарған жауабы мынадай еді: «Менің ойымша, қыз бала тәрбиелі, инабатты, сыпайы болып өсуі тиіс. Оның бойында рухани-адамгершілік қасиеттері мен жауапкершілігі, өмірге қажетті төзімділік, адалдық, тазалық, еңбекқорлық, әдептілік болуы керек. «Жақсы әйел – жаман еркекті кісі қылады. Жаман әйел – жақсы еркекті жүн қылады», - деп халқымыз бекер айтпаған деген ойды еске түсірді. Сонымен қатар, күйеуін – түсіне білетін, адал; балаларға – қамқор, мейірімді; басқаларға – ашық, қарым-қатынаста тез тіл табыса білетіндей болуы керек».
Жолдаған: Әбілбакиева Ғалия
Ж. Исакаев