- Негізгі бет
- Шығарма
- Мектеп - үлкен...
Мектеп - үлкен өмірдің алғашқы баспалдағы
Әрқайсымыздың мектеп қабырғасында өткізген жылдарымыз «мектеп өмірі» деп аталады. Осы он бір жылдың ішінде жардан ұшып, талай сәтсіздікке ұрынып, алғашқы қателіктеріміздің ащы дәмін татамыз. Оның өзін «дәуір» деп атауға болатын шығар. Бұл – махаббаттың, достықтың, сатқындықтың, қолдау мен мейірімділіктің не екенін түсінетін кезең.
Өмір дегеніміздің өзі отбасы, жұмыс, демалыс дегендерді өзара үйлестіру емес пе? Сол секілді мектеп те сабақты, адамдармен қарым-қатынасты және күнделікті еститін жаңалықтарды өзара үйлестіретін жүйе десек те болады. Біз уақытымыздың көп бөлігін мектеп қабырғасында өткіземіз.
Барлық бала бас қосып, шат-шадыман болып өткізетін мәдени-қоғамдық шаралар бәрінен де қызық. Осындай сәттерде адамдардың шынайы болмысы танылып, олардың шын мәнінде кім екенін түсіне бастаймыз. Дәл осындай оқиғалардың бірін назарларыңызға ұсынғым келеді.
Мектепте 9 сынып оқушыларының арасында футболдан турнир өтті. Бір командада әр сыныптан он оқушы болды. Олардың әрқайсысы «ең күшті» деген атқа лайық еді. Мен өз командамда шабуылдаушы болып, ойындағы басты рөлді атқаратынымды жақсы түсінетінмін. Жан-жағымыздан жанкүйерлердің даусы естіліп, ойынды бастауға ысқырық та берілді. Екі күн бойы бірнеше командамен ойнап, нәтижесінде үшінші орынды иелендік.
Меніңше, біздің нешінші орын алғанымыз айтарлықтай маңызды емес. Біздің жұдырықтай жұмылып, қарсыластарымызға қарсы тұра білу үшін қандай әрекеттер жасағанымыз маңызды. Өзімізді жақсы қырынан танытып, достарымызды сынап алатын уақыт та келген сияқты. Хан қызынан да қателік кетеді демекші, гол кіргізіп алған қақпашыға да ренжудің қажеті жоқ. Кімнің қалай ойнағандығы емес, бірлігіміз маңызды.
Осылайша мектепте оқу арқылы өмір атты мектептің алғашқы баспалдағын басамыз.
Жолдаған: Шілікбай Қанағат
Сурет: voxpopuli.kz
Қ. Бүйенбай